Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде баспана неге қымбаттады: Маман жауап берді

Опубликовано:

Баспана
Көрнекі сурет: pixabay.com

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин еліміздегі баспана бағасының не себепті қымбаттап кеткенін айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Өткен жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстанда ескі үйлер бағасы 12,5 пайызға қымбаттаған. Жұманғариннің депутаттық сауалға берген жауабында осындай мәліметтер келтірілген. 

Оның сөзінше, соңғы бес айда тұрғын үй нарығында жаңа үйлердің бағасы 5 пайызға қымбаттаған. Айта кету керек, 2019 және 2020 жылдардың сәйкес кезеңдерінде бұл көрсеткіш 3 пайыздан аспаған.

"Сонымен қатар ескі үйлер нарығында да баға 12,5 пайызға қымбаттағаны байқалды. Ескі пәтерлерін сатқысы келетіндер санының артуы (пәтер сатылатыны туралы 130 мыңнан астам хабарландыру) бағаны қымбаттату бойынша алдын ала сөз байласу фактісі жоқ екенін дәлелдейді. Баспана бағасының қымбаттауына сұраныстың күрт өсуі себеп болып отыр", - дейді Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы.

Еске сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы зейнетақы жинағының бір бөлігін алуға байланысты тұрғын үй төңірегіндегі бағаның өсуі мен дүрбелеңге жол бермеу қажеттігін айтқан болатын.

"Қазақстандықтардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін зейнетақы жинақтарын пайдалану жөніндегі менің бастамамды іс жүзінде іске асыру басталды. Енді жылжымайтын мүлік нарығындағы дүрлігу мен бағаны тежеу бойынша пәрменді шаралар қабылдау қажет. Қазір бұл жайында барлық жерде жазып жүр, яғни жылжымайтын мүлік бағасының көтерілу тенденциясы байқалғанын", - деген еді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899304-elimizde-baspana-nege-qymbattady-mamandar-zauap-berdi/

pixel