Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зейнетақы жинағын алу: Тоқаев баспана бағасының шарықтауына тосқауыл қоюды тапсырды

Опубликовано:

ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Мемлекет басшысы зейнетақы жинағының бір бөлігін алуға байланысты тұрғын үй төңірегіндегі бағаның өсуі мен дүрбелеңге жол бермеу қажеттігін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Президент Қазақстанда тұрғын үйге қолжетімділікті арттыруды тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, қазіргі қолданыстағы "5-10-20" бағдарламасы халық арасында сұранысқа ие, бірақ өте баяу жүзеге асып жатыр.

"Біз "5-10-20" тұрғын үй бағдарламасын іске қостық. Ол халық тарапынан үлкен қызығушылық тудырды, қазірдің өзінде 5000-нан астам қарыз берілді. Осы бағдарлама аясында өңірлерде қолжетімді кредиттік тұрғын үйлер салынуда, бірақ оны іске асыру қарқыны төмен. 9000 пәтер пайдалануға берілген немесе жоспардың 56% пайызы ғана орындалған. Үкіметке екі апта мерзімінің ішінде тұрғын үй саясатын жетілдіру бойынша ұсыныстардың жаңа топтамасын енгізуді тапсырамын", - деді президент.

Сонымен қатар мемлекет басшысы зейнетақы жинағын алуға рұқсат етілгеннен кейін пайда болуы мүмкін дүрбелеңге жол бермеуді тапсырды.

"Қазақстандықтардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін зейнетақы жинақтарын пайдалану жөніндегі менің бастамамды іс жүзінде іске асыру басталды. Енді жылжымайтын мүлік нарығындағы дүрлігу мен бағаны тежеу бойынша пәрменді шаралар қабылдау қажет. Қазір бұл жайында барлық жерде жазып жүр, яғни жылжымайтын мүлік бағасының көтерілу тенденциясы байқалғанын", - дейді Қасым Жомарт Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895725-zejnetaky-zinagyn-alu-tokaev-baspana-bagasyny-saryktauyna-toskauyl-koudy-tapsyrdy/

pixel