Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Не алған жиһазымыз жоқ, не ақшамыз жоқ": Өскеменде жиһазға тапсырыс бергендер сан соғып қалды

Опубликовано:

Алданғандар1
Алданған тұрғындар. Фото: Хабар24

Өскеменде 28 адам "жиһаз аламыз" деп, сан соғып қалған. Олар былтыр жергілікті кәсіпкердің біріне жиһазға тапсырыс беріп, құнының біраз бөлігін төлеп қойған. Алайда әлі күнге дейін тауарларын ала алмай жүргенін айтады деп хабарлайды Хабар24.

"Жергілікті кәсіпкердің біріне тапсырыс бердім. Бір қыз бала үйіме келіп, жиһаздың өлшемін алды және тауар құнының тең жартысын алдын ала төлеуімді сұрады. Мен ақшасын бердім. Бірақ осы күнге дейін не алған жиһазымыз жоқ, не ақшамыз жоқ. 28 адам сан соғып қалдық", - дейді қала тұрғыны Елена Гайнутдинова.

Зардап шеккендер полиция бөліміне арызданған. Алайда істі қараған тергеушілер бұл жерде ешқандай алаяқтық әрекет жоқ екенін айтқан.

"2020 жылы дәл осындай оқиғаға қатысты 5 бірдей қылмыстық іс қаралды. Ол кезде 215 адам зардап шеккен болатын. Әдетте алаяқтар әлеуметтік желі арқылы қысқа мерзімде жиһаз жасаймыз деп жарнама береді. Кейін құрығына түскендерді алдап кетеді", - дейді қалалық полиция басқармасы басшысының орынбасары Денис Ерімбесов.

Енді амалы таусылған жұрт прокуратураға шағымданбақ.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда әлеуметтік желдіге жарнамаға сеніп, жиһазға тапсырыс берген тұрғындар сан соғып қалғанын айтып, жанайқайын жеткізген еді.

Алданғандарын айтқан жұрттың жиһаз жасап берушілерге санап берген жалпы соммасы 50 миллион теңгеге жуық.

Жәбірленушілер полицияға ұжымдық арыз жазған. Тәртіп сақшылары "алаяқтық" бабымен іс қозғаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899316-ne-algan-zihazymyz-zoq-ne-aqsamyz-zoq-oskemende-zihazga-tapsyrys-bergender-san-sogyp-qaldy/

pixel