Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тыйым күшін жойды: Ресейдің 4 өңірінен елімізге шошқа еті әкелінбек

Жарияланған күні:

Шошқа
Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстан Ресейдің төрт аймағынан шошқа етін және шошқа етінің өнімдерін ел аумағына алып келуге және транзиттеуге уақытша шектеулерді алып тастады деп хабарлайды Ресейдің ветеринарлық және фитосанитарлық бақылау жөніндегі федералдық агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан.

Ресейден шошқа етін Қазақстанға алып кіруге 2020 жылдың желтоқсанынан бастап тыйым салынған болатын.

"Ресейдің ветеринарлық және фитосанитарлық бақылау жөніндегі федералдық агенттігі мен Қазақстанның құзыретті ведомствосы арасындағы келіссөздер нәтижесінде шошқа еті мен шошқа еті өнімдерін Алтай республикасынан, Қорған, Новосибирск облыстарынан, Алтай өлкесінен Қазақстанға әкелуге және осы елдің аумағы арқылы транзитіне уақытша шектеулерді алып тастады.

Тыйым 2020 жылдың желтоқсанынан бастап күшіне енген болатын. Ол Ресейдегі африкалық шошқа тұмауына байланысты жағымсыз эпизоотикалық жағдаймен байланысты болды", - деп жазылған хабарламада.

Одан бөлек, Ресейдің Саратов облысы арқылы үшінші елдердің және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерінің жағымды жағдайдағы аумақтарынан шошқа еті өнімдерінің транзитіне қойылған шектеу де алынып тасталды. Тыйым салу шарасы африкалық шошқа обыры (АШО) ауруының тіркелуіне байланысты қолданылған болатын.

Десе де, Ресейдің жоғарыда аталған аймақтарынан тірі жануарларды Қазақстанға әкелу мен транзиттеуге уақытша шектеулер сақталады.

Тюмень, Челябі және Астрахань облыстарынан шошқа етін, шошқа етінің өнімдерін, тірі шошқаларды Қазақстанға алып кіруге қатысты тыйым сол қалпында қалады. Бұл субъектілерде соңғы 36 ай ішінде шошқа тұмауының ошақтары тіркелмеген. Негізінде, ЕАЭО заңнамасы, сондай-ақ халықаралық заңнамалар бұл жағдайда шектеу шараларын жоюды қарастырады.

Сондай-ақ, ресейлік құзырлы федералдық агенттік ауру ошақтарының жоқ екені туралы ақпарат ұсынғанына қарамастан, құс тұмауы, Ньюкасл ауруы, қой мен ешкі шешегі тіркелген Ресейдің бірқатар облыстарынан Қазақстанға мал шаруашылығы өнімдерін әкелуге уақытша шектеулер енгізілді.

"Қалыптасқан жағдайға байланысты қазақстандық тараппен, сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық комиссия алаңындағы диалогтар жалғасуда", - деп атап өтті Ресейдің ветеринарлық және фитосанитарлық бақылау жөніндегі федералдық агенттігінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899341-sosqa-tumauynan-keiingi-tyiym-kusin-zoidy-reseidin-4-onirinen-elimizge-sosqa-eti-akelinbek/