Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мезгілсіз қаза": Министр Балаева Нұртілеу Иманғалиұлының жақындарына көңіл айтты

Опубликовано:

Аида Балаева
Аида Балаева. Фото: primeminister.kz

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева белгілі журналист Нұртілеу Иманғалиұлының жақындарына көңіл айтты. Қазақ телевизиясының ардагері бүгін 70 жасқа қараған шағында өмірден өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қазақ телевизиясының ардагері, белгілі журналист, танымал зиялы азамат Нұртілеу Иманғалиұлының мезгілсіз қазасына байланысты отбасы мен жақын-туғандарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын.

Бүкіл саналы ғұмырын ұлттық баспасөз саласына арнаған ағамыз шыншыл да шынайы болмысымен, жүргізушілік шеберлігімен талай бағдарламалардың тізгінін ұстап, көгілдір экраннан өзекті де өткір тақырыптарды көтерген еді.

Өзіне қарап бой түзеген жас журналистер қатарынан сан буын шәкірт тәрбиеледі, тележурналистикада өзіндік мектеп қалыптастыра білді.

Ағамыздың жасаған істері мен жарқын бейнесі қалың көпшіліктің жадында, дос-жаран, әріптестерінің есінде мәңгілік сақталады.

Марқұмның жатқан жері жарық, топырағы торқа болып, нұры пейіште шалқысын",- деп жазды министр өз Facebook парақшасында.

Айта кетейік, Нұртілеу Иманғалиұлы "Құрдастар", "Жастар дауысы", "Арай", "Жадыңда ма, жолдас, "Айна", "Жас жігер", "Бетпе-бет", "Қолтаңба", "Діңгек", "Көршілер", "Заң сөйлесін", "Nur-Tiley" авторлық бағдарламалары арқылы қалың көрермен есінде қалды.

Журналистиканың майталманы 2006-2007 жылдары – "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" акционерлік Қоғамының Басқарма төрағасы, одан кейінгі жылдары "Қазақстан РТРК" АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі қызметтерін атқарып, өзінің ізбасар шәкірттерін тәрбиеледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899374-mezgilsiz-qaza-ministr-balaeva-nurtileu-imangaliulynyn-zaqyndaryna-konil-aitty/

pixel