Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық 27 жастағы жігіт әйгілі Forbes тізіміне енді

Опубликовано:

Элисар
Фото: elisar_n

27 жастағы Элисар Нұрмағамбетов алаяқтық пен қаржылық қылмыстарды анықтауға арналған бағдарламалық жасақтаманың арқасында америкалық Forbes Next 1000 тізіміне енді.

"27 жастағы Қазақстан тумасы Нұрмағамбетов 2019 жылы Танзаниядан келген 66 жастағы Амир Сандерджимен бірігіп, ақшаны жылыстату және алаяқтық, адам саудасы сияқты қаржылық қылмыстарды анықтайтын Consilienz бағдарламалық жасақтамасын жасауды қолға алды", - деп жазды Forbes Twitter-інде.

Forbes мұндай алаяқтықтардың ашылу мүмкіндігі тек 10 пайызды құрайтынын атап өткен.

Құқық қорғау органдары мен мемлекеттік органдар Consilienz-ті зерттелетін субъектілер туралы мәліметтер базасы, соның ішінде бақылау тізімдері, корпоративті жазбалар және т.б. бар тәуекелді операцияларды анықтау үшін пайдаланады.

Элисар Нұрмағамбетовтің өзі Forbes Next 1000-ға ену тек бастапқы жеңіс қана екенін алға тартуда.

"Америкалық Forbes Next 1000 тізімі. Бұл оңай болған жоқ, мен әлі көп нәрсені үйренуім керек және бұл тек бастамасы. Осы уақыт ішінде мен әр шайқас соңғы еместігіне көзім жетті. Қазір еңсерген дүниеңді әлі талай рет еңсеруге тура келеді. Ақыр соңында күресуді үйренуге мәжбүр боласың, өйтпеген жағдайда өмір сені одан әрі бұға береді. Алайда сенің ең үлкен сынағың алдыңда емес, ішкі дүниеңде жатыр", - деп жазды Элисар Instagram-дағы аккаунтында.

Forbes Америка Құрама Штаттарындағы шағын бизнесті қолдау үшін Forbes Next 1000 тізімін құрған болатын. Бұл жыл бойғы бастама жетістіктері мол жеке кәсіпкерлерді, өзін-өзі қаржыландыратын дүкендерді және алдын ала кірісі бар стартаптарды елдің барлық аймақтарынан іріктеп, назарға ұсынады - олардың барлығының кірісі 10 миллион доллардан аспайды. Жыл соңына дейін журналдың бұл тізіміне тағы 1000 адам немесе ұйым енгізіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899384-qazaqstandyq-27-zastagy-zigit-aigili-forbes-tizimine-endi/

pixel