Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Туған күнін тойлаған": Ішімдік ішкен анасының сүтін емген нәресте көз жұмды

Опубликовано:

Нәресте өлімі
Фото: Алтай тергеу комитеті

Горно-Алтайск қаласында алкоголь ішкеннен кейін нәрестесін емізген ананың ісі сотта қаралуда. Сәби ана сүтін емгеннен кейін шетінеп кеткен деп хабарлайды РИА Новости.

"Абайсызда адам өліміне әкеліп соқтыру" дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Ресейдің Алтай Республикасындағы тергеу комитетінің Горно-Алтайск қаласы бойынша тергеу бөлімі 32 жастағы тұрғынға қатысты Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 109-бабының 1-бөлігі (абайсызда өлімге әкеп соқтыру) бойынша қылмыстық іс қозғады", - делінген құзырлы мекеме таратқан хабарламада.

Тергеу мәліметтері бойынша, 11 қаңтарда Горно-Алтайск қаласының 32 жастағы тұрғыны өзінің туған күнін атап өтіп, алкогольдік ішімдік ішкен, содан кейін төрт айлық баласын емізіп қойған.

"Мас күйде болған әйел, сүтінде баланың өмірі мен денсаулығына қауіпті алкоголь бар екенін біле тұра, 2021 жылдың 11 қаңтарынан 12-не қараған түні 4 айлық баласын екі рет емізген. Салдарынан нәресте уланып, қаза тапты", - деп нақтылады істі тергеушілер.

Бүгінде тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайларын анықтап, анасы туралы дәлелдемелер жинап, отбасында балаларды тәрбиелеу жағдайларын, сондай-ақ қылмысқа ықпал еткен мән-жайларды зерттеп жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін Башқұртстанда ер адам әйелімен жанжалдасып қалғаннан кейін екі баласын өлтіріп, өзіне қол жұмсағанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1899410-tugan-kunin-toilagan-isimdik-isken-anasynyn-sutin-emgen-nareste-koz-zumdy/

pixel