"Nur Tileu мен туралы емес": Иманғалиұлының соңғы сұхбаттарының бірі жарияланды
Жарияланған күні:
70 жасқа қараған шағында өмірден өткен белгілі тележүргізуші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақпарат саласының үздігі атанған Нұртілеу Иманғалиұлының соңғы сұхбаттарының бірі жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Аталған видеоны Қазақстан ұлттық арнасы желідегі ресми парақшаларында жария етті.
"Нұртілеу Иманғалиұлының соңғы берген сұхбаттарының бірі. 1 жыл бұрынғы "Таңшолпанның" эфирінен үзінді", - делінген хабарламада.
Онда тележүргізуші "Нұртілеу" бағдарламасы туралы сөз қозғаған.
"Бұл бағдарламаның ешқандай ерекшелігі жоқ. Бұл мен туралы сұқбат емес. Бұл қазақтың құндылықтары айтылатын, қазақтың мен деген елдің алдында жүрген азаматтарының пікірі жарысқа түсетін, интелектуалды сұқбат. Бұл қазақтың ықыласы, ақ тілеуі, нұр тілеуі", - деген еді Нұртілеу Иманғалиұлы.
Айта кетерлігі, 2019-2021 жылдар аралығында "Nur Tiley" бағдарламасының 70 шығарылымы эфирге шыққан.
Естеріңізге салсақ, бүгін, 17 ақпан күні таңертең қазақ телевизиясында 45 жыл қызмет атқарған журналистика ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті.
Нұртілеу Иманғалиұлы көрермен жүрегінен құнды хабарларымен орын алған тележурналист. Оның "Бай, қуатты болайық!" деген бір ғана сөзі ел арасында қанатты сөзге айналды.
Нұртілеу Иманғалиұлы саяси-әлеуметтік салмағы бар "Жас жігер", "Көзқарас", "Алтыбақан", "Айна", "Заң мен заман", "Ақиқат пен аңыз", "Дидар", "Жастар дауысы", "Арай", "Көкпар", "Ой-көкпар", "Бетпе-бет", "Дін мен діл", "Арнайы репортаж", "Діңгек", "Қолтаңба", "Заң сөйлесін", "Nur-Tiley" секілді авторлық бағдарламаларды жүргізді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899437-nur-tileu-men-turaly-emes-imangaliulynyn-songy-suxbattarynyn-biri-zariyalandy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.