Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы тұрғыны жерлерді "рейдерлік жолмен тартып алып жатқанына" шағымданды

Жарияланған күні:

Тұрғын
Скриншот: facebook.com/almaty.gov.kz

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың халыққа есеп беруі кезінде қала тұрғыны Мадина Көкетаева "тұрғын үй тұрған жер учаскесі рейдерлік жолмен тартып алынып жатқаны" туралы шағымын айтып, жанайқайын жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

"Мен, Мадина Көкетаева, Райымбек көшесіндегі 174, б. үйінің тұрғынымын. Алматылықтардың жекеменшігіндегі жер учаскелерін рейдерлік жолмен тартып алу қашан тоқтатылады?

Мәселен, Райымбек көшесіндегі 174 үйді айтуға болады, Алматы облысының бұрынғы әкімі Шалбай Құлмахановтың туысына тиесілі сауда үйі салынып жатыр. Ақордаға сапарымызда бізге құрылысқа қатысты ешқандай жоспарлы тапсырмалар мен рұқсат берілмегендігін растады, бірақ соған қарамастан әкімдіктің қаулысы шықты.

Ондағы картада үлкен сауда үйі тұр. Көпқабатты тұрғын үй орналасқан жер учаскесінде кенеттен осы сауда үйі тұрған болып шығуда. Бізден жер учаскесін тартып алды, бірақ төлем туралы ешқандай әңгіме болған жоқ. Сіздің атыңызға өтініш жазып, жоспарлауды қайта қарап шығып, өз жерімізді қайтаруды сұрауға мәжбүрміз", - дейді шағымданушы.

Оның айтуынша, бес жыл бойы әлдебіреулер үйдің жанындағы аллеяға үнемі қасақана шприц лақтырып кетіп отырған.

Тұрғын бұл жайтты "құрылыс салушымен арадағы дау-дамай" мәселесімен байланыстырып отыр және осылайша әлдебіреулер тұрғындардың бұл "үйден көшуіне ықпал еткісі келуде" деген пікірде.

Бақытжан Сағынтаев бұл мәселеге қатысты пікір білдіріп, тұрғыннан осы іс бойынша құжаттарды әкімдік қызметкерлеріне тапсыруын сұрады.

"Мен өзім мұқият қараймын. Тапсырма беремін, мән-жайды анықтайтын боламыз. Мамандарымыздың қатысуымен сөйлесу үшін бәлкім, біз видеоселектордың көмегімен байланысқа да шығатын шығармыз", - дейді әкім.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899444-almaty-turgyny-zerlerdi-reiderlik-zolmen-tartyp-alyp-zatqanyna-sagymdandy/