Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте мектеп оқушысы сыныптасының әкесін өлтірді деп күдіктелуде

Опубликовано:

Төбелес
Көрнекі фото: © Sputnik / Абзал Калиев

Шымкентте 15 жастағы бала сыныптасының әкесін ұрып өлтірді деп күдіктелуде. Оған марқұмның "қызыма тиіспе" деп ескерту жасағаны ұнамаған көрінеді деп хабарлайды "КТК" арнасы.

Жеке шаруасымен көшеге кеткен 42 жастағы азаматтың денесі түнде үйінің маңынан табылған. Ал қайғылы жайт болмастан бұрын сол маңда үш-төрт жеткіншектің топтасып тұрғанын көргендер де бар болып шықты. Кәугерлер олардың таяқ ұстап тұрғанын да байқаған.

"Бет-аузының бәрі қан. Сау-тамтығын қалдырмай ұрып, тіпті қабырғаларын сындырып тастаған. Таспен де, таяқпен де, тіпті кетпенмен де ұрған. Енді артында қалған ұл-қызын кім асырап кім жеткізеді?", - дейді марқұмның қарындасы Севда Ыдырысова.

Ер адамды өлтірді деген күдікпен 9-сынып оқушысы қамауға алынған. Ол марқұмның қызымен бір сыныпта оқитын болып шықты. 15 жастағы оқушыдан жәбір көргенін қызы бірнеше мәрте әкесіне айтып барыпты.

Сондықтан ол "қызымнан аулақ жүр" деп, жасөспірімге ескерту жасаған. 9-сынып оқушысы осыған кектенген болуы мүмкін.

"Ол баламен 4-сыныпқа дейін бір партада отырғанбыз. Бірінші сыныптан бері маған да, басқа құрбыларыма да тыныштық бермейтін. Бізге былапыт сөз айтып, аяқтан шалып құлату оған күнделікті нәрсе. Мен түгілі, өзге қыздар да ол туралы ата-анасына талай мәрте шағымданған. Бірақ оған бәрібір", - дейді марқұмның қызы.

Мектеп басшылығы күдіктеліп жатқаны оқушының осыған дейін бұзықтығын не мұғалімдер, не мектеп психологы байқамағанын айтады.

"Осы жағдайдан кейін жоғары сынып оқушыларына беймезгіл уақытта көше кезуге тыйым саламыз. Ондай шағым түскен емес. Ата-ана, оқушы тарапынан. Айтып тұрмын ғой, кәдімгі бала. Орта білімді.", - дейді мектеп директоры.

Жасөспірім қазір қамауда отыр. Күдікке ілінген оқушыға қатысты қандай баппен іс қозғалғаны да белгісіз.

Сондай-ақ марқұмның туыстары айтқандай, қылмысқа өзге сыбайластары қатысқан ба, жоқ па, оны да полицейлер айта алмай отыр. Қазір жалғыз күдікті қамауда, ал марқұмның денесі 17 ақпанда жер қойнына берілген.

Дереккөз КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899558-symkentte-mektep-oqusysy-synyptasynyn-akesin-uryp-oltirdi/

pixel