RU

Елімізде коронавирустың мутацияға ұшыраған белгісі анықталды ма

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

COVID-19 суық тигендегідей емес, біраз есеңгертеді. Мамандардың айтуынша, бір ауырып тұрғандардың көбі кемі үш ай бойы әлсіреп, мазасы кетіп жүреді деп хабарлайды 31 арна.

Телеарна мәліметінше, білікті дәрігерлер қауіпті дерттен қалай қорғанудың амалдарын түсіндірген.

Осы орайда медицина қызметкерлері COVID-19 ешқандай мезгілге қарамайды деп отыр. Яғни, көктемде өршіп немесе азайып кетеді деген сөз жоқ. Дәрігерлердің сөзінше, бастысы бетперде киіп, қолыңызды антисептикпен тазалап жүру керек.

Мамандар бір рет ауырып тұрған 400-ден астам адамның жазылғаннан кейінгі кезін бақылаған. Олардың екеуі қант диабетіне шалдыққан. Өзгелерінде әр түрлі: құрғақ жөтелі пайда болған, жүрегі ауыратын болған, іші түйіліп, әлсіреп, ұйқысы қашып, шашы түскендері де болған. Тіпті кейбірінің писхикасы бұзылып, есте сақтау қабылеті де төмендеген.

Қалыпқа келу үшін кемі сегіз сағат ұйықтап, дұрыс тамақтанып, күнделікті физикалық ауыртпашылықтан арылу керек, дейді зерттеушілер.

Олардың пікірінше, дәрігер жазып бермесе дәрі ішіп жүрудің қажеті жоқ. Көбінесе Д, Б, С дәруменін ішу керек.

Дәрігерлердің айтуынша, бізде вирустың мутацияға ұшыраған белгісі анықталмапты. Бірақ, коронавирустың ауыр не жеңіл өтетіні оған байланысты емес екен.

Дәрігерлер екпе алғаннан кейін де "еркінсіп кетпеңіздер" деп отыр. Өйткені, вируске қарсы иммунитетіңіз әбден қалыптасып алу керек.

Ауырып, жазылған соң адамда күйзеліс болады, көңіл-күйі түсіп, қазақша айтқанда кежегесі кері тартып тұрады. Бұған дейін ауырып жүрген жеріңізді COVID-19 одан сайын асқындырады. Созылмалы дертіңіз болса тіпті қиын.

Мамандар: бастысы уайымға салынбаңыздар деп отыр. Қарапайым гигиеналық талаптарды орындап жүрсеңіз ары кеткенде екі жылдың ішінде мұндай белгілер түбегейлі жойылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899674-elimizde-koronavirusty-mutaciaga-syragan-belgisi-anyktaldy-ma/