Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның мемлекеттік қарызы қанша теңгеге жетті: Қаржы министрі жауап берді

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: Sputnik / Абзал Калиев

1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік қарыз 20,6 триллион теңгені құрады. Бұл туралы қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"2021 жылдың 1 қаңтарында мемлекеттік қарыз 20,6 триллион теңгені немесе ЖІӨ-нің 29,6%-ін құрады. Бұл белгіленген 50% лимиттен аспайды. Мемлекеттік қарыз құрылымында 80%-і – үкіметтік берешек, 16,7 триллион теңге немесе ЖІӨ-нің 23,9%-і (лимит 25%)", – деді Жамаубаев қаржы министрлігінің алқа отырысында.

Айтуынша, былтыр республикалық бюджет тапшылығы 2,2 триллион теңге немесе ЖІӨ-нің 3,1% құрады.

Бұған дейін тартылған борыштарды өтеу қажеттілігін ескеріп, өткен жылы 3 триллион теңге қарыз алынған. Оның ішінде ішкі нарықта 2,8 триллион теңге тартылды.

Сондай-ақ, министр төмен валюталық тәуекелдерді, тартымды ставка мен ішкі нарықтың шектеулі ресурстарын ескеріп, 223 миллиард теңгеге рубль облигациялары шығарылғанын атап өтті.

Еске сала кетсек, Ұлттық банк Қазақстанның сыртқы қарызы қанша екенін жариялаған еді.

Ұлттық банктің төлем балансы департаментінің директоры Азат Өскенбаевтың сөзінше, Қазақстанның сыртқы қарызы 2020 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 160,9 млрд АҚШ долларын (немесе ІЖӨ-ге шаққанда 90,7%) құраған.

Көрсетілген көлем бюджеттің немесе халықтың қаражаты есебінен төленуге жатпайды, өйткені сыртқы борыштың шамамен 80%-ы мемлекет те, қарапайым азаматтар да жауап бермейтін жеке ұйымдардың міндеттемелеріне тиесілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899807-qazaqstannyn-memlekettik-qaryzy-qansa-tengege-zetti-qarzy-ministri-zauap-berdi/

pixel