Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда бұрынғы жұбайын ұрып-соққан деп айыпталған экс-полицей енді келіншекті сотқа берді

Опубликовано:

Әсел Алқанова
Ұрып-соққанға дейінгі және кейінгі Әсел Алқанова. Фото: әйелдің рұқсатымен өзгертусіз берілді/uralskweek.kz

Оралда бірнеше жыл бойы бұрынғы әйелі Әсел Алқанованы ұрып-соққан деп айыпталған экс-полиция қызметкері енді келіншекті сотқа берген. Хайдар Жексенов одан 1 миллион теңге талап етіп отыр деп хабарлайды "Уральская неделя".

Басылым тараптардың сотқа қатысқанын атап өтті.

Арыз беруші Жексенов соттан БАҚ пен оның бұрынғы әйеліне қатысты материалды (Әсел Алқанова бұрынғы күйеуінің алты жыл бойы ұрғанын басылымға айтқан ред.) жариялаған авторды жауапкершілікке тартуды сұрап отыр.

Алайда басылым сотқа дейін Хайдар Жексеновтен және оның өкілінен ешқандай шағым түспегенін атап өтті.

"Демек, дауды сотқа дейінгі реттеу тәртібі сақталмады", - деп жазады "Уральская неделя".

Арызданушы өз сөзінде соттан ұрып-соғу фактісін шындыққа сәйкес келмейді деп тануды, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарына ақпаратты теріске шығаруды міндеттеуді талап еткен.

Ал мақала жарияланған басылымның бас редакторы керісінше басылымға қатысты талаптарды қараусыз қалдыруды талап еткен. Сот оның өтінішін қанағаттандырып, тиісті ұйғарым шығарды.

Әсел Алқанованың аразы бойынша іс жалғасып жатыр. Ол бұрынғы күйеуінен моральдық өтемақы ретінде 1 млн теңге өңдіріп алмақ ниетте.

Еске салсақ, өткен жылы "Немолчи" қорының жетекшісі Дина Тәңсәрі күйеуінің тарапынан жәбір көрген Әсел Алқанова туралы айтқан еді.

Оның сөзінше, құқық қорғау саласында қызмет істейтін күйеуі 2019 жылдың күз мезгілінде үйіне келіп, үш жасар қызының көзінше Алқанованы аяусыз сабаған.

Осыдан кейін ол көршісінің үйіне барып тығылған. Сол жерден полиция мен жедел жәрдем қызметін шақырып, ауруханаға жеткізілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899859-oralda-buryngy-zubaiyn-uryp-soqqan-dep-aiyptalgan-eks-policei-endi-kelinsekti-sotqa-berdi/