Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желідегілер Өскемен шенеуніктерінің қатысуымен болған төбелесті талқылап жатыр

Опубликовано:

Шенділердің  төбелесі
Видеодан кадр: Atameken Info YouTube арнасы

Әлеуметтік желіде Өскемендегі мейрамханалардың бірінде болған төбелестің видеосы тарады. Кадрда жергілікті шенеуніктердің бейнеленгені айтылған. Бұл жайтқа қатысты Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бірнеше күннен бері желі қолданушылары Өскемендегі "Serebro" мейрамханасында болған жанжалдың видеосын талқылап жатыр.

Ғимаратта бірнеше шенеуніктің кездескені айтылып, тіпті олардың есімдері де аталған. Сондай-ақ төбелеске қатысушылардың бірі мейрамхана иесіне ауыр жарақат салғаны хабарланған.

Бұған қатысты Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті пікір білдірді. Ведомствоның мәліметінше, жанжал 2020 жылдың 26 желтоқсанында болған.

"Өскемен полиция басқармасында 2020 жылы 26 желтоқсанында "Serebro" мейрамханасында болған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қазіргі уақыта қылмыстық іске қатысы барлар мен басқа да тұлғалар анықталып, тиісті тергеу амалдарының кешені жүргізілуде", - дейді ведомство.

Полиция департаменті іс фигуранттарының аты-жөні мен қызметін жария етпеді. Алайда Өскемен қаласы әкімінің болған оқиғаға қатысы жоқ екенін жеткізді.

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде төбелеске қала басшысының куә болғаны айтылған еді.

"Өскемен қаласы әкімінің болған жайтқа қатысы жоқ. Тергеу барысында қылмыс жасалған күні оның көрсетілген ғимаратқа келмегені анықталды. Бұл куәгерлер берген түсініктеме мен бейнебақылау камераларынан алынған жазбамен расталды", - дейді өңірлік полиция департаменті.

Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу амалдары жалғасуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899864-zelidegiler-oskemen-seneunikterinin-qatysuymen-bolgan-tobelesti-talqylap-zatyr/

pixel