Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жауапты органдар БҚО-да полиция бастығының ұсталғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді

Опубликовано:

Полиция1
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Әлеуметтік желіде Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы ішкі істер бөлімі басшысының ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Бұл мәліметке қатысты өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мен полиция департаменті пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Желіде тараған ақпаратта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пара алды деген күдікпен аудандық ішкі істер бөлімінің бастығын ұстағаны айтылған.

"Мен бұл ақпаратты растай да, теріске шығара да алмаймын. Ресми ақпарат шығуы керек", - дейді БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Сәмет.

Өңір полиция департаментінде Жәнібек ауданы ішкі істер бөлімінің басшысы Манарбек Қаташев жұмыс орнында екенін хабарлады.

"Оны ресми түрде ешкім ұстаған жоқ. АІІБ бастығы жұмыста отыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкерлер Жәнібек ауданында болды. Оған қылмыстық іс бойынша шақыру қағазы берілді. Әлдекімдер оны дұрыс түсінбей, ұсталды деп ақпарат таратуда", - дейді БҚО ПД ресми өкілі Болатбек Белгібеков.

БҚО полиция департаментінде құқыққорғау органдары бөлімшелерінің бастықтары әртүрлі іс бойынша куәгер ретінде шақырылатынын айта кетті.

Еске салайық, осыған дейін Семейде орталық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы мен бірқатар полицей қызметінен босатылғанын хабарлаған едік. Оған сауналардың бірінде түсірілген фотосурет себеп болған.

Аталған сурет әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен еді. Кейін қызметтік тексеріс басталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899883-zauapty-organdar-bqo-da-policiya-bassysynyn-ustalgany-turaly-aqparatqa-pikir-bildirdi/

pixel