Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар зейнетақы жинағын емделу үшін қашан жұмсай алатыны белгілі болды

Опубликовано:

ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

ОКҚ өткен онлайн-брифингте "Отбасы банкі" басқарма басшысы зейнетақыдан алынған ақшаны емдеу мен өзге де медициналық қызметке жұмсау үшін өтініш беру қашан басталатынын айтты. Қаражатты Қазақстанда да, шетелде де жұмсауға болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Банк басшысы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, зейнетақы ақшасын емделу үшін жұмсау ережесі бүгін күшіне енеді. Өтінішті қабылдау сайты бірнеше күннен кейін іске қосылады.

"Біздің портал 2021 жылдың 25 ақпанында іске қосылады. Соңғы жаңашылдықтарды өзгерту үшін үш жұмыс күні қажет. Себебі бастапқыда тізімге енгізілген кейбір ауру түрлері соңғы сәтте алынып тасталды", - дейді ол.

Спикердің мәліметінше, өтініш беру механизмі бірнеше кезеңнен тұрады.

Өтініш бергеннен кейін, жіберуші екі күн өтінімі enpf-otbasy.kz порталынан БЖЗҚ-ның сайтына жіберілуін күтеді.

Содан кейін БЖЗҚ 5 жұмыс күні ішінде ақшаны Отбасы банкіндегі арнайы шотқа аударуы тиіс.

Өтініш беруші шотта өзі көрсеткен соманы көргеннен кейін мамандарға жүгінуіне болады. Ережелерге сәйкес, 5 жұмыс күні ішінде дәрігерлік комиссия құрылады.

Комиссиядан кейін оның хатшысы қаражатты пайдалануға рұқсат ету-етпеу туралы шешімді 2 жұмыс күні ішінде беруге міндетті.

Рұқсат берілген жағдайда, комиссияның қорытындысын өтініммен қоса порталда тіркеу қажет. Содан кейін банк ақшаны 5 жұмыс күні ішінде өтініш беруші медқызмет көрсету шартында көрсеткен медициналық ұйымға аударуы тиіс.

"Барлық есеп айырысулар банктік аударым арқылы жүзеге асырылады, клиенттің өзі бұл ақшаға қол жеткізе алмайды", - дейді Ибрагимова.

Наурыз айынан бастап ақшаны шетелде емделуге немесе басқа медициналық қызмет түрлерін алу үшін жұмсауға болады.

"Біз наурыз айының басында шетелдік ұйымдармен жұмыс істеу мүмкіндігін іске қосамыз. Мұнда айырбастау мәселесі туындайды. Өйткені БЖЗҚ-дан өтініш берушіге барлық ақша теңгемен түсетін болағандықтан, шетелдік ұйыммен келісім жасалғаннан кейін айырбастау күнін таңдауымыз керек.

Егер бұл келісімшартқа дейін жасалса, онда өтініш берушіні осы ұйымға қабылдаудан бас тартқан жағдайда немесе әртүрлі себептермен емдеу мерзімі кейінгі шегерілсе, бұл валюта айырмашылығында ақша жоғалтудан сақтайды", - дейді Ләззат Ибрагимова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899897-qazaqstandyqtar-zeinetaqy-zinagyn-emdelu-usin-qasan-zumsai-alatyny-belgili-boldy/

pixel