Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сапарбаев Жаңатастағы қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Бердібек Сапарбаев
Бердібек Сапарбаев. Фото: pm.kz

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бес кішкентай бала ажал құшқан Жаңатастағы қайғылы оқиғаға қатысты өз пікірін білдірді. Өңір басшысы жантүршігерлік жағдай жайында Facebook желісіндегі ресми парақшасында жазған.

"Бүгін бүкіл елді есеңгіреткен қайғылы оқиға болды. Жаңатастағы үйлердің бірінен өрт шығып, бес бірдей бейкүнә бала ажал құшты.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін облыс әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбектің төрағалығымен арнайы комиссия құрылды. Оқиға орнына облыс прокуроры Н. Әбдіров, Полиция департаментінің басшысы Ж. Сүлейменов, ТЖД басшысы Е. Момбаев аттанды.

Қара жамылған отбасыға қажетті психологиялық, материалдық көмек көрсетілуде. Мәселе менің жеке бақылауымда. Көз жұмған балалардың жақындарына Алла Тағала сабыр берсін. Қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын" , - деп жазды Бердібек Сапарбаев.

Еске сала кетейік, күні кеше Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласындағы бес қабатты тұрғын үйдегі пәтерден өрт шығып, бір отбасының бес баласы көз жұмды.

Ведомствоның мәліметінше, өрт сағат 15.15-те 2-шағын аудандағы 5 қабатты тұрғын үйдің 3-қабатындағы көлемі 16 шаршы метр пәтерден шыққан.

Пәтерде ата-ананың қарауынсыз қалған, кәмелеттік жасқа толмаған 2015, 2016, 2017, 2019 және 2020 жылдары туған балалар болған.

Алдын ала деректер бойынша отағасы жұмыста, анасы дүкенге шығып кеткен. Өрт салдарынан кәмелеттік жасқа толмаған барлық бала улы газбен уланып, ауруханаға жеткізілген, дегенмен олар біршама уақыттан кейін көз жұмған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899944-saparbaev-zanatastagy-qaigyly-oqigaga-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel