Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жалған аккаунт":Тоқаевтың баспасөз хатшысы ресми мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Берік Уәли пікір білдірді
Фото: gorodtaraz.kz

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли ресми мәлімдеме жасап, мемлекет басшысының атынан ашылған аккаунттардың жалған екенін хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Clubhouse әлеуметтік желісінде Қазақстан президентінің атымен байланысты бірқатар жалған аккаунт пайда болды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл платформаға тіркелмегенін ресми түрде хабарлаймын" , - деп мәлімдеді Facebbok парақшасында мемлекет басшысының баспасөз хатшысы.

Берік Уәли ел президентінің Твиттерде @TokayevKZ және Инстаграмда @Tokayev_Online деген екі ғана аккаунты бар екенін ескертті.

Айта кетейік, Clubhouse платформасы соңғы кезде желіде аса танымал болып келеді. Оны қолданушылары тек аудио хабарламен сөйлеседі. Оның үстіне, әлеуметтік желіге тек қана шақыртумен ғана тіркелуге болады.

Сонымен қатар, 18 ақпан күні Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанның сыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловті қабылдаған болатын.

Кездесу барысында министр президентке Өзбекстан көшбасшысының Ташкент қаласында "Орталық Азия және Оңтүстік Азия: өңірлік өзара байланыстар. Сын-қатерлер мен мүмкіндіктер" атты халықаралық конференция өткізу туралы бастамасына қолдау білдіру туралы өтінішін жеткізді.

Оған қоса, мемлекет басшысы Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Қос ел президенттері екіжақты ынтымақтастық пен Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899952-zalgan-akkaunttoqaevtyn-baspasoz-xatsysy-resmi-malimdeme-zasady/

pixel