Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейде коронавирусқа қарсы үшінші вакцина тіркелді

Опубликовано:

Тәжвирусқа қарсы вакцина
Фото: Хабар 24

Ресей коронавирусқа қарсы үшінші вакцинасын тіркеуге қойды деп хабарлайды Хабар 24.

"КовиВак" деп аталған препарат - Чумаков атындағы орталықтан шыққан өнім. Бұл туралы осы елдің премьер-министрі Михаил Мишустин мәлімдеді. Зертханалық зерттеулер кезінде вакцинаның қауіпсіздігі мен тиімділігі дәлелденген.

Екпенің өзі өлі вирустан жасалғандықтан кеселге қарсы қорғанышы да күшті болады дейді мамандар. Наурыз айында екпенің 120 мың дозасын шығару жоспары бар.

"Біздің вакцина стандартты 2-8 градус аралығында сақталады. Және бізде сары безгекке қарсы екпені жеткізу тәжірибеміз бар. Сондықтан бұл вакцинаны тасымалдау кезінде өзге жоғары технологиялық екпелер сияқты қиындық туындамайды",- дейді жобалық және инновациялық қызмет жөніндегі директордың орынбасары Константин Чернов.

Ал Қазақстандағы жағдайға келсек, 20 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, елдің ешбір облысы "қызыл" аймақта жоқ. Бірнеше күннен бері "қызыл" аймақта болған Павлодар облысы енді "сары" аймаққа ауысты.

"Сары" аймақта - Нұр-Сұлтан қаласы, Павлодар, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары бар. Қалған өңірлердің бәрі "жасыл" аймақта. Жалпы Қазақстан коронавирустың таралу қаупі жағынан "жасыл" аймақта тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900003-resejde-koronaviruska-karsy-sinsi-vakcina-tirkeldi/

pixel