jitsu gif
Денсаулық

    Өткен тәулікте елде 766 адамнан коронавирус анықталды

    Тәжвирус
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Қазақстанда өткен тәулікте 766 адамнан коронавирус анықталды деп хабарлайды coronavirus2020.kz сайты.

    Аймақтар бойынша:

    Нұр-Сұлтан қаласы - 53,

    Алматы қаласы - 102,

    Шымкент қаласы - 8,

    Ақмола облысы - 81,

    Ақтөбе облысы - 13,

    Алматы облысы - 59,

    Атырау облысы - 33,

    Шығыс Қазақстан облысы - 55,

    Жамбыл облысы - 19,

    Батыс Қазақстан облысы - 65,

    Қарағанды облысы - 53,

    Қостанай облысы - 69,

    Қызылорда облысы - 7,

    Маңғыстау облысы - 9,

    Павлодар облысы - 100,

    Солтүстік Қазақстан облысы - 36,

    Түркістан облысы - 4.

    Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 207418.

    Айта кетейік, 20 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның ешбір облысы «қызыл» аймақта жоқ. Бірнеше күннен бері «қызыл» аймақта болған Павлодар облысы енді «сары» аймаққа ауысты.

    «Сары» аймақта - Нұр-Сұлтан қаласы, Павлодар, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары бар. Қалған өңірлердің бәрі «жасыл» аймақта. Жалпы Қазақстан коронавирустың таралу қаупі жағынан «жасыл» аймақта тұр.

    Одан бөлек, Алматы облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Талдықорған қаласындағы шектеу шаралары туралы қаулыға өзгеріс енгізді.

    Ал Шығыс Қазақстан облысында карантин шаралары 7 наурызға дейін ұзартылды. Бұл мерзім COVID-19 таралуының өзгерістеріне байланысты қайта қаралуы мүмкін екені айтылып отыр.

    Өткен тәулікте елде 766 адамнан коронавирус анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.