Шымкенттік кәсіпкерлерге 1 пайыздық несие беріледі
Жарияланған күні:
Шымкентте кәсіпкерлікті дамыту үшін барлық жағдай жасалған. "Бизнеске арналған үкімет" фронт-офисі өз кәсібін дамытып, бизнес бастаймын деген жандарға есігін айқара ашады. Онда түрлі мемлекеттік бағдарламалар арқылы бизнесіне қолдау тауып, аз пайызбен көп мөлшерде несие алуға болады деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Көпбалалы ана Динара Ирбаева да осы фронт-офистың көмегіне жүгініп, мемлекеттен қолдау тапқандардың бірі. Ол өз кәсібін дамыту үшін мемлекеттен 1 пайыздық несие алуды жөн көрген.
"Өзім көпбалалы анамын. Осы жерде аз пайызбен ақша алуға болады дегенді естіп келдім. Фронт-офистегі мамандардан бүгін барлығын сұрап, кеңес алдым. Мұнда 1% және 6%-дық несие алуға болады екен. Енді 1%-дық несие алып өз кәсібімді дамытсам деймін", - дейді жас кәсіпкер Динара Ирбаева.
"Shymkent invest" фронт-офисі ашылғалы 10 айдың ішінде 11 мыңға жуық кәсіпкерге бағыт-бағдар беріп, қызмет көрсеткен. Оның ішінде кәсібін енді бастаушылар да, дамытушылар да бар.
"Бизнеске арналған үкімет" жобасы "бір терезе" қағидаты бойынша бизнесті қолдау мен дамытуға ықпал етеді.
"Біздің орталықтан "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы, "Даму" қоры, "ӘКК Shymkent" АҚ сынды түрлі орталықтардың кәсіпкерлерге беретін мүмкіндіктерін толықтай сұрап біле аласыз. Мемлекеттік бағдарлама бойынша несие алудың жолдарын айтамыз. Құжаттарды рәсімдеп, заңгерлік кеңес береміз. Бюджеттік және салықтық есеп бойынша да көмек көрсетеміз. Егер кәсіп бастағыңыз келсе және нені неден бастарыңызды білмесеңіз, біз айтамыз, фронт-офиске келсеңіз болғаны",- дейді "Бизнеске арналған үкімет" фронт-офисының жетекшісі Саят Уәлиев.
Орталықта қалалық Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму, Жер қатынастары, Ауыл шаруашылығы және ветеринария, Сәулет және қала құрылысы басқармалары мен МСҚБ өкілдері қызмет көрсетеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900024-symkenttik-kasipkerlerge-1-paiyzdyq-nesie-beriledi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.