Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерлан Қиясов пен Ажар Ғиният ертең вакцинаның екінші дозасын салдырады

Жарияланған күні:

Ерлан Қиясов пен Ажар Ғиният
Фото: Денсаулық сақтау министрлігінің ресми Instagram аккаунтынан

Ертең, 22 ақпанда денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов пен денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Нұр-Сұлтандағы №6 қалалық емханада коронавирус инфекциясына қарсы «Спутник V» вакцинасының екінші дозасын салдырады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми Instagram аккаунтында хабарланды.

"22 ақпанда Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов пен Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Нұр-Сұлтандағы №6 қалалық емханада коронавирус инфекциясына қарсы "Спутник V" вакцинасының екінші дозасын салдырады.
Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық талаптарды сақтау мақсатында вакцина салатын медициналық нысанға БАҚ өкілдерінің кіруіне шектеу қояды. Сағат 9-00-де Хабар24 телеарнасы оқиға орнынан тікелей трансляция жасайды (https://24.kz/ru/live-24-kz ) және Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook ресми парақшасынан: https://www.facebook.com/MinzdravRK / көре аласыздар" , - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, А.Ғиният пен Е. Қиясов коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның алғашқы дозасын 2021 жылғы 1 ақпанда №6 қалалық емханада алған болатын.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 1 ақпаннан Қазақстанда халықты ерікті түрде кезең-кезеңмен вакцинациялау науқаны басталды. "Спутник V" вакцинасының бірінші партиясы Қазақстанға 22 мың доза көлемінде жеткізілді және өңірлерге таратылды.

Вакцинаны кәмелетке толған азаматтар ғана алады. КВИ-ға қарсы вакцинация 2021 жылдың соңына дейін жалғасады, оған 6 млн адам қатысады деп жоспарлануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900034-erlan-qiyasov-pen-azar-giniyat-erten-vakcinanyn-ekinsi-dozasyn-saldyrady/