Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дені Алматыдан: Өткен тәулікте елімізде 700-ге жуық адамнан коронавирус анықталды

Опубликовано:

бетперде1
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанда өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырған 699 адам тіркелген. Олардың дені Алматы қаласынан деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

21 ақпанда COVID-19 анықталғандар аймақтар:

Нұр-Сұлтан қаласы - 72

Алматы қаласы - 101

Шымкент қаласы - 13

Ақмола облысы - 73

Ақтөбе облысы - 13

Алматы облысы - 37

Атырау облысы - 24

Шығыс Қазақстан облысы - 52

Жамбыл облысы - 16

Батыс Қазақстан облысы - 39

Қарағанды облысы - 40

Қостанай облысы - 67

Қызылорда облысы - 12

Маңғыстау облысы - 3

Павлодар облысы - 96

Солтүстік Қазақстан облысы - 38

Түркістан облысы - 3

Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 208 117-ге жетіп отыр.

Сонымен қатар өткен тәулікте 642 адам індеттен жазылып шыққан.

22 ақпандағы мәлімет бойынша, қазір елімізде 21 285 адам короновирустан емделіп жатыр. Олардың ішінде 4 838 пациент стационарда, 16 447 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

242 адамның жағдайы ауыр, 53 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр. 43 науқас өкпенді жасанды желдтеу аппаратына қосылған.

Ал COVID-19 белгілері бар пневмониямен ауырғандарға келсек, 20 ақпандағы мәлімет бойынша, аталмыш диагноз тағы 13 адамға қойылып, 2 жағдай өліммен аяқталған. 195 адам жазылып шыққан.

Жалпы 2020 жылдың 1 тамызынан бастап бүгінгі күнге дейін COVID-19 белгілері бар пневмониямен 48 983 адам ауырып, 612 науқас қайтыс болған. 40 765 адам сауығып шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900061-otken-taulikte-elimizde-700-ge-zuyq-adamnan-koronavirus-anyqtalgan/

pixel