RU

Батпаққа батқан Алматы тұрғындары атқамінерлерді лай жолмен жүргізіп қойды (видео)

Алғабас тұрғындары
Скриншот: kris.p.online

Алматының Алғабас шағын ауданында тұрғындар батпаққа батқан жолдардан мезі болғанын айтып шу шығарды. Олар жергілікті шенеуніктерді лай жолмен жүргізіп қойған.

Бұл жайттың видеосы Instagram желісінде kris.p.online парақшасында жарияланған.

Видеодан тұрғындардың "жол дегендіріңіз осы ма?", "мына жолмен жүріп көріңіз", "бұл жолмен балалар жүруге мәжбүр" деп жан-жақтан шулап жатқанын байқауға болады.

"Алғабас тұрғындары батпаққа батудан шаршады және көптеген адам бүгін өздерінің проблемаларын айтуға шықты. Кездесуде мердігерлік ұйымның өкілдері және Алатау ауданы әкімінің орынбасары болды. Олар бізге жұмыс жүріп жатқанын және әлі де жүргізілетіндігі туралы есеп берді. Көшелерге себу жұмыстары жүргізілгенін, бәрі жақсы екенін айтқанымен, бірде бір көшені нақты атай алмады, ал тұрғындар оларды көшелермен жүруге мәжбүр етті, нәтижесінде мәселені шешудің нақты уақыты айтылмады", - деп жазды видео авторы.

Тұрғындардың шағымына қатысты Алатау ауданының әкімі пікір білдірді.

"Алғабас" шағын ауданының проблемалары туралы әлеуметтік желілердегі көптеген өтінішке байланысты бүгін жергілікті тұрғындармен кездесу өткіздім. Кездесу барысында тұрғындарға Алдияр көшесінің мәселесінің басты назарда тұрғандығын және жақын арада қаралатындығын хабардар еттім. Сондай-ақ барлық жүргізіліп жатқан жұмыстар менің жеке бақылауымда болады", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900122-batpaqqa-batqan-almaty-turgyndary-atqaminerlerdi-lai-zolmen-zurgizip-qoidy-video/