Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда карантин қандай жағдайда жеңілдейді: Санитар дәрігер жауап берді

Опубликовано:

Нұр-Сұлтан қаласы
Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Нұр-Сұлтан қаласы бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова әкімдіктің онлайн брифингінде Нұр-Сұлтанда карантин қандай жағдайда жеңілдейтінін мәлімдеді. Ол үшін бұл аптада қала қалыпты деңгейде сары аймақта тұруы керек деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Санитар дәрігердің ақпарынша, өткен аптамен салыстырғанда соңғы аптада ауру деңгейі 7,13% төмендеген. Науқастардың негізгі бөлігі 30-39 жастағы адамдар. Жалпы Нұр-Сұлтан қаласы ұзақ уақыт бойы сары аймақта тұр. Егер бұл аптада ауру деңгейі артпаса, карантин жеңілдейді.

"Нұр-Сұлтан 30 қаңтардан бастап "сары" аймақта тұр. Бірақ, 8 ақпан мен 10 ақпан арасында біз "қызыл" аймаққа кірдік. Қазір тұрақты "сары" аймақтамыз.

Бекітілген критерийлерге байланысты шектеу шараларының белгілі бір жеңілдіктері туралы мәселе қаралып жатыр. Егер тұрақты түрде "сары" аймақта болсақ, кейбір жеңілдіктер қабылданады",- деді Бейсенова.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова елорданың білім беру ұйымдарындағы коронавирус статистикасын айтып берді. Оған сәйкес елордада 21 мектеп карантинге жабылғаны белгілі болды.

"2021 жылдың 22 ақпанындағы жағдай бойынша жаңа оқу жылы басталғаннан оқушылар арасында КВИ 1017 жағдайы тіркелген, оның ішінде кезекші сынып оқушылары арасында 232 немесе 22,8%, қашықтан оқыту бойынша оқушылар арасында – 785 жағдай, яғни 77,2%. 79 мектеп карантинге жабылды, қазіргі уақытта 21 мектепте карантин жалғасуда" , - деді Сархат Бейсенова Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ұйымдастырған онлайн-брифингте.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900177-nur-sultanda-karantin-qandai-zagdaida-zenildeidi-sanitar-dariger-zauap-berdi/

pixel