Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елжан Біртановты үй қамақта ұстау уақыты ұзарды

Опубликовано:

Елжан Біртанов
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты үй қамақта ұстау уақыты наурыз айының соңына дейін ұзарды. Бұл туралы оның адвокаты Дмитрий Куряченко мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Экс-министрдің қорғаушысы мұны заңсыз деп есептейді. Ол президенттің атына хат жолдады.

"Үй қамақта ұстау мерзімі наурыз айының соңына дейін ұзарды. Мұны заңсыз деп есептеймін. Сондықтан, президенттің атына хат жолдадым. Оған үндеуім жетеді деп ойлаймын",- дейді заңгер.

Адвокаттың айтуынша, Біртановты үй қамауында ұстау және ешқайда кетпеу туралы қолхат алу үшін заңды негіздер жоқ.

"Оларға бұдан не пайда бар екенін түсінбеймін. Олар өз талаптарында үй қамақта ұстау уақытын ұзартуға заңды негіздер де ұсынбаған. Маған соттың үй қамақта ұстау уақытын неге ұзарта беретіні түсініксіз. Осыған байланысты, Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жолдадым. Бүгін жаздым, жауап қашан келерін күтемін. Оған хатым жетпей қала ма деп қорқамын. Себебі, жағдайдың өзі түсініксіз",- дейді Куряченко.

Еске салсақ, өткен жылы қарашада бұрынғы денсаулық министрі Елжан Біртанов аса ірі көлемде бюджет қаражатын ысырап етті деген күдікпен қамауға алынған еді. Бұл туралы қаржы министрлігінің қаржы мониторингі комитеті хабарлады.

Кейінірек экс-министр үйқамаққа алынды. 20 қаңтарда Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі 28 ақпанға дейін ұзартылғаны белгілі болды.

25 маусым күні президент жарлығымен Біртанов министр қызметінен босатылды. Оның орнына Алексей Цой тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900198-elzan-birtanovty-ui-qamaqta-ustau-uaqyty-uzardy/

pixel