Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әйелімді көңілдесіммен көрдім": СҚО-да ер адам неліктен ауыр қылмысқа барғанын айтты

Опубликовано:

Ер адам
Көрнекі сурет: pixabay.com

Солтүстік Қазақстан облысындағы ЕС-164/3 мекемесінде жазасын өтеп жатқан ер адам әйелінің көңілдесін өлтіргеніне өкінеді. Қызғанышқа салынып, адам қанын мойнына жүктеген оған 9 жылға жаза кесілген деп хабарлайды Қазақпарат.

Обыс бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің дерегінше, Кирилл есімді ер адам әйелінің көңілдесін өлтіргені үшін ЕС-164/3 мекемесінде жазасын өтеп жатыр. Ер адам істеген ісіне қатты өкінетінін жасырмады.

Басылым мәліметінше, Оля мен Андрей бір-біріне мектепте оқып жүріп, ғашық болған. 2,5 жылдай жұптары жазылмаған қыз бен жігіттің мектеп бітіргеннен кейін жолдары екі айырылыпты. Екі қалаға жоғары оқу орнына түскен олар сол жақта шаңырақ көтергені белгілі болды. Андрей көп ұзамай әйелімен айрылысып кеткен. Оляның да бақыты баянды болмай шығыпты. Күйеуі ішкілікке салынған көрінеді.

Оля мен Андрей кездейсоқ кездеседі. Ер адам жұмыс бабымен жақында көшіп келген екен. Бұрынғы махаббаттары қайта тұтанып, екеуі Ольганың күйеуінен жасырын кездесе бастайды.

"Арақты қойып, жұмысқа орналастым. Жағдай түзеліп келе жатқандай болып еді. Алайда, әйелімнің суынғанын сездім. Себебін кейін білдім ғой. Үйге әдеттегіден ерте келдім. Ольганы көңілдесімен көргенде қызғаныштан өртеніп кете жаздадым. Ақылымнан алжасқандай болдым", - дейді Кирилл болған оқиғаны есіне алып.

Әйелінің көңілдесін пышақтаған Кирилді сот 9 жылға бас бостандығынан айырған.

"Әйеліммен бетін ашып сөйлеспедім. Бірге тұра алмасақ ажырасуға болар еді. Ия, мен кінәлімін, бірақ әйелімді де ақтамаймын. Қандай мәселе болса да ерлі-зайыпты ашық сөйлесуі қажет, сол кезде оны ушықтырмай шешуге болады", - дейді Кирилл.

Басылым мәліметінше, ЕС-164/3 мекемесінде Кирилл жаңадан "газэлектрдәнекерлеуші" мамандығын алып, жұмыспен қамтылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900272-aielimdi-konildesimmen-kordim-sqo-da-er-adam-nelikten-auyr-qylmysqa-barganyn-aitty/

pixel