RU

AsiaCredit Bank салымшыларына кепілдік берілген өтемнің төлемін қалай алуға болады

Eurasian Bank
Фото: Eurasian Bank

Бүгіннен бастап Еуразиялық банктің сайтында AsiaCredit Bank клиенттері өтемақы сомасын тексеріп, төлемді алу үшін картаға тапсырыс бере алады.

Талғар қаласының тұрғыны Әлімжан бірнеше жылдан бері AsiaCredit Bank салымшысы қатарында болған. Банкте қиындықтар басталатынын ол мүлде күтпеген еді. Банк салымдарды беруді тоқтатқан кезде, ол үрейлене түсті - Әлімжан көлік сатып алу үшін ақша жинап жүрген болатын. Ал ақпан айында банк лицензиясынан айырылды.

Десе де "Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының" төлем беру басталғаны туралы хабарламасын көргенде, үрей сейіле бастады. Оның үстіне, Әлімжан жағдайы жақсы, ыңғайлы көлік тауып та үлгерген еді.

Ол қордың төлемдер жөніндегі агенті ретінде таңдалған Еуразиялық банктің www.eubank.kz сайтына тікелей кіру арқылы өтем сомасын тексеріп, ақша алуға қажетті тегін банк картасына қашықтан тапсырыс беруге болатынына көзін жеткізді. Тіпті қалаға барудың да қажеті жоқтығын ұқты.

Әлімжанның өтініші бойынша NUR.KZ банктің қашықтан көрсететін қызметінің қаншалықты қауіпсіз әрі оңтайлы екендігін білуге тырысты.

- Біз несиені төлеу мерзімін ұзарту үдерісі қолға алынған көктемгі карантин кезінде де өтініштер мен төлемдерді қашықтықтан қабылдау жүйесін сәтті іске қостық. Содан кейін "Tengri Bank" клиенттеріне өтемақы төлеген кезде де бұл жүйені қайтадан тиімді пайдалана алдық", - дейді Еуразиялық банктің басқарма төрағасы Валентин Морозов. - Біз төлем жасауды 24 ақпанда бастаймыз, ал бүгінде AsiaCredit Bank клиенттері біздің веб-сайтта өтем сомасын тексеріп, төлем алуға қажет картаға тапсырыс бере алады.

Айта кетсек, карта тікелей Әлімжанның және AsiaCredit Bank-тің өзге де клиенттерінің үйіне дейін тегін жеткізіледі, деп уәде етті банк басшысы.

- Жалпы, біз AsiaCredit Bank клиенттеріне сыйақыны өздеріне ыңғайлы кез келген тәсілмен төлеуге дайынбыз - қашықтан да, бөлімшелер арқылы да, - деп қосты Валентин Морозов, - Сізге тек eubank.kz сайтына кіріп, басты беттегі жаңалыққа - AsiaCredit Bank салымшыларына төлемдер парағына өтіп, ақпаратты оқып шығу қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900305-asiacredit-bank-salymsylaryna-kepildik-berilgen-temni-tlemin-kalaj-aluga-bolady/