"Ұлттық ұлан" қызметкері құтқарған: Шымкентте қыз зорламақ болған екінші күдікті ұсталды
Жарияланған күні:
22 ақпан күні Шымкентте қыз зорламақ болған екінші күдікті ұсталды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Алмас Амзеев мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Амзеев бүгінде азамат ұсталып, қамауға алынғанын хабарлады. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
"Қызды зорламақ болған екінші күдікті ұсталды, екеуі де қамауда отыр", - деді Алмас Амзеев.
Айта кетейік, 13 ақпан күні екі азамат Шымкентте бір қызды зорламақ болған. Алайда, оны еңбек демалысында жүрген Ұлттық ұлан ә/б әскери қызметкері Артем Калашников құтқарып қалған. Ол бір күдіктіні сол жерде ұстап үлгерген, ал екіншісі қашып кеткен.
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғұмбаев гвардиялықты "Қоғамдық тәртіпті сақтауға қосқан үлесі үшін" медалімен марапаттады.
Марапатты "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылық командирі Талапкер Әмреев тапсырды. Артем Калашниковтың құрметіне әскери қызметкерлер әскери алаңда салтанатты түрде жүріп өтті.
"Мен Артеммен және басқа да гвардиялықтармен мақтанамын. Бұл біздің жастар көмекке мұқтаж жандарға көмек көрсетуге дайын екенін білдіреді",- деді командир.
Ал Артем өзін қаһарман деп санамайды. Ол мұндай көмекті кез келген адам көрсетеді деп есептейді.
Айта кетейік, Қарағанды облысындағы 159/6 абақтысында да жазасын өтеп жатқандардың туыстары дабыл қақты. Айтуларынша, түрме қызметкерлері жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген екі сотталушы жансақтау бөліміне түскен көрінеді. Тіпті түрмедегі өзге де жазасын өтеушілерге "келесі кезекте сенсің" деп қоқан-лоққы жасағандарын айтады. Ақыры қорыққан азаматтар туыстарына қайта-қайта хабарласып, көмек сұрап жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900373-ulttyq-ulan-qyzmetkeri-qutqargan-symkentte-qyz-zorlamaq-bolgan-ekinsi-kudikti-ustaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.