Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстаннан көшіп кеткен азаматтар зейнетақы төлемін қалай шешіп алады

Опубликовано:

Әуежай
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстаннан көшіп кеткен азаматтар зейнетақы жинағын шешіп алу үшін елдегі соңғы тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарының көші-қон қызметінің аумақтық бөлімшесіне немесе халықтың көші-қон саласындағы реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган ретінде ішкі істер министрлігіне жүгіну қажет. Бұл туралы BAQ.KZ хабарлайды.

Елден тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге байланысты зейнетақы төлемдерін алу үшін мыналар қажет: 

  • Заңда белгіленген тәртіппен тұрақты тұруға кетуді рәсімдеу;
  • БЖЗҚ-ға құжаттар топтамасын тапсыру. 

Шетелге тұрақты тұру үшін кетуге рұқсатты рәсімдеу кететін азаматтың Қазақстан аумағында орындалмаған міндеттемелердің жоқтығын растау үшін қажет.

Өтініш берушіде "Жеке тұлғалар" Мемлекеттік деректер базасында "Қазақстан аумағынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге байланысты Қазақстанның уәкілетті органы берген құжаттардың жарамсыздығы туралы" мәліметтер болған жағдайда ғана БЖЗҚ зейнетақы төлемдерін жүргізуге құқылы.

Мұндай жағдайларда зейнетақы жинақтарын төлеу 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

"Егер кететін азамат алдымен басқа елдің азаматтығын рәсімдеп, содан кейін Қазақстан консулдығына Қазақстан Республикасы азаматының паспорты мен жеке куәлігін тапсырса, онда "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер базасына "Азаматтығынан айырылуына байланысты Қазақстан уәкілетті органы берген құжаттардың жарамсыздығы туралы" мәліметтер енгізілетін болады.

Алайда мұндай белгімен БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын төлеуді жүзеге асыруға құқылы емес. Қазақстан аумағынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемге өтінішті орындаудан бас тартуды болдырмау үшін, ең алдымен, белгіленген тәртіппен шығуды ресімдеу керек және осыдан кейін ғана басқа елдің азаматтығын рәсімдеу қажет", - делінген Бірыңғай зейнетақы қорының хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900416-qazaqstannan-kosip-ketken-azamattar-zeinetaqy-tolemin-qalai-sesip-alady/