Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында танысының телефонын ұрлап кеткен тұрғын ұятқа қалды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Түркістан облысының полиция қызметкерлері ұялы телефон ұрлаған күдіктіні ұстады деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылымның жазуынша, Төле би аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған.

Ол үйіне келген танысы кіре беріс бөлмеде тұрған інісінің ұялы телефонын жымқырып кеткенін жеткізген. Келтірілген шығын көлемі 300 мың теңгені құраған.

Жәбірленуші бастапқыда күдікке ілінген ер адамнан мобильді құрылғыны қайтаруын сұрайды. Алайда ол өз кінәсін мойындамайды.

Нәтиже шықпағаннан кейін тұрғын полицияға хабарласады.

Аталған жайт қылмыстық кодекстің 188-бабы ("Ұрлық") бойынша тіркелген.

Тәртіп сақшылары хабар алысымен күдіктінің жеке басын анықтап, оның тұрғылықты мекенжайынан ұстады. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.

Тергеу барысында күдікті өзінің кінәсін толық мойындаған. Анықталғандай, ол телефонды өзі қолданып жүрген.

Полиция қызметкерлері күдіктіден ұялы телефонды тәркілеп, заңды иесіне қайтарған.

Осы орайда тәртіп сақшылары ұялы телефонның ұрлануы көп жағдайда телефон иесінің ұқыпсыздығы салдарынан болатынын айта келе, сақтық шараларына мән беруге шақырды.

"Өкінішке орай, ұялы телефон ұрланса, оны кері қайтарып алу да оңай шаруа емес. Сол үшін телефонды ұрлатпаудың қарапайым ережелерін есте сақтаған жөн. Мәселен, телефонды мүлдем танымайтын және дұрыс танымайтын адамдарға беруге болмайды. Қоғамдық көліктерде және басқа да адамдар көп шоғырланатын жерлерде ұялы телефонды қолыңызда ұстаңыз немесе киіміңіздің, сөмкеңіздің ішкі қалтасына салыңыз.

Кафе-барларда, ойын-сауық орындарында жүргенде телефоныңызды үстелдің үстіне қоя салмаңыз. Ал егер телефоныңыз ұрланғанын білсеңіз, тез арада полицияға хабарласыңыз. Бұл қылмыстың "ізін суытпай" ашуға септігін тигізеді", - дейді полиция өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900538-turkistan-oblysynda-tanysynyn-telefonyn-urlap-ketken-turgyn-uyatqa-qaldy/

pixel