RU

Ресейде полициядан қашпақ болған әйел көз жұмды

Жол апаты
Көрнекі фото: nakanune.ru

Ресейдің Благовещенск қаласында жол-көлік оқиғасын жасап, полициядан қашпақ болған әйел жол апатына түсіп, қайтыс болды. Тағы екі адам жарақат алған деп хабарлайды РИА Новости.

Басылымның жазуынша, полиция бөліміне Nissan March көлігімен жол апатын жасап, оқиға орынан қашып кеткен әйел туралы ақпарат түскен.

Тәртіп сақшылары нұсқаулықта көрсетілген көлікті анықтаған, алайда келіншек тәртіп сақшыларының талабын елемей, жасырынуға тырысып, салдарынан оның сонынан қуу басталған.

"Октябрьский көшесінде құқық бұзушы Nissan Teana көлігімен соқтығысты. Көлік апаты салдарынан Nissan March жүргізушісі, 1987 жылы туған әйел оқиға орнында қайтыс болды. Сондай-ақ екінші көліктің жүргізушісі мен жолаушысы да жарақат алды", - дейді Амур облысының ІІМБ.

Полицияның мәліметінше, марқұм бұған дейін де Ресей Қылмыстық кодексінің 264 бабы, 4 бөлігіне сәйкес (Абайсызда адам өліміне әкеп соқтыратын жол жүрісі мен көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу) жауапқа тартылған.

Қазір жол апаты фактісі бойынша тергеуге дейінгі тексеріс жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Еске сала кетсек, Батыс Қазақстан облысында Орал-Атырау тас жолында болған жантүршігерлік жол апатынан алты адам қаза тапқан еді. Тағы бір адам түрлі жарақаттармен ауыл ауруханасына жеткізілген болатын.

Белгілі болғандай Toyota мен Lada маркалы көліктері соқтығысқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900560-reseide-policiyadan-qaspaq-bolgan-aiel-koz-zumdy/