Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да жантүршігерлік жол апаты алты адамның өмірін қиды (фото)

Опубликовано:

Оқиға орны
Оқиға орны. Фото: БҚО ПД

Батыс Қазақстан облысында Орал-Атырау тас жолында болған жантүршігерлік жол апатынан алты адам қаза тапты деп хабарлайды "Мой город".

Порталдың хабарлауынша, тағы бір адам түрлі жарақаттармен ауыл ауруханасына жеткізілген.

Батыс Қазақстан облысының полициясы 22 ақпанда Орал-Атырау тас жолында, Тайпақ ауылының маңында жантүршігерлік апат болғанын атап өтті. Жолда Toyota мен Lada маркалы көліктері соқтығысқан.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, апат орнында алты адам қайтыс болған, тағы біреуі Тайпақ ауылындағы ауруханаға жеткізілді. Қазір оның жағдайы анықталып жатыр.

Полиция қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеуде. Қазір апатқа қатысты басқа мәліметтер тексеріліп жатыр.

Оқиға орны
Оқиға орны. Фото: БҚО ПД

Оқиға орны
Оқиға орны. Фото: БҚО ПД

Еске салсақ, өткен жылы Щучинскідегі жол апатынан екі полиция қызметкері қайтыс болды. Желіде іс бойынша күдікті Сергей Воронцовтың анасының сұхбаты жарияланды. Бұған дейін әйел сот отырысында жол апаты кезінде рөлде өзінің ұлы отырмағанын мәлімдеген. Енді ол қайғылы оқиға туралы өз нұсқасын айтты.

Оған қоса, СҚО-да Есіл ауданы Чириковка ауылының маңында "Volvo" көлігінің жүргізушісіне көмек қажет болған. Ол Тимирязев елді мекеніне 15 тонна тұқым апара жатқан. Фура жолдан шығып кетіп, бір жақ қырынан тұрып қалған. Түнде жолды қар жауып қалған соң, оған ешкім жете алмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900220-bko-da-zantrsigerlik-zol-apaty-alty-adamny-mirin-kidy-foto/

pixel