Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зорланған оқушы жүкті болып қалған: Қылмысты жасырған туыстары жауапқа тартылуы мүмкін

Опубликовано:

Мектеп оқушысы
Көрнекі фото: Sputnik / Табылды Кадырбеков

Кәмелетке толмаған қызды зорлау қылмысын жасырғаны үшін жәбірленушінің туыстары қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қарағанды облысы полиция департаментінің басшысы Ерлан Файзуллинге сілтеме жасап.

Ерлан Файзуллин Қарағанды облысында 40 жастағы ер адамның кәмелетке толмаған қызды зорлау дерегі бойынша қылмыстық істің кейбір мән-жайын айтып берді. Қазір іс тергеу сатысында тұр.

"Осы факті анықталған кезде бірден Қылмыстық кодекстің 120 бабы, 3 бөлігі "Зорлау" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті адам ұсталып, тергеу изоляторына қамалды.

Ер адам іс бойынша жалғыз күдікті. Тергеудің аталған қылмысты жасырғысы келген болуы мүмкін тұлғаларға қояр сауалдары бар. Сотқа дейінгі тергеу аясында олардың іс-әрекетіне құқықтық баға берілетін болады.

Егер қажет болса, олар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Қылмыстық-атқару кодексінің 201 бабы негізінде басқа ақпараттарды жариялауға құқығым жоқ", - дейді Ерлан Файзуллин.

Еске сала кетсек, бұған дейін кәмелет жасына толмаған қызды Қарағанды облысының 40 жастағы тұрғыны зорлағаны хабарланған еді.

Алғашқы қауесет ауыл тұрғындарының әңгімесінен тарап кеткен. Тіпті мектеп оқушысы жүкті болып қалып, жасанды түсік те жасағаны туралы сыбыс тараған.

Осыдан кейін ақпаратты тексеруге ауылға барған полиция қызметкерлері оқиғаны растап, қыз зорлау фактісімен іс қозғаған.

Қызына жыныстық зорлық жасалғаны туралы ата-анасы да жақ ашпаған. Ал күдікке ауылдағылар діни жоралғыларды өткізуге шақырып ауыл молдасына айналдырған азамат ілінген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900586-zorlangan-oqusy-zukti-bolyp-qalgan-qylmysty-zasyrgan-tuystary-zauapqa-tartyluy-mumkin/

pixel