RU

Аяғынан шалып, ұра бастаған: Павлодарда ер адам 13 жасар қызға тап берді (видео)

Павлоа
Видеодан кадр: instagram.com/pavlo.detka

Әлеуметтік желіде Павлодарда тұрғындардың көзінше болған оқиғаның видеосы пайда болды. Бейнебақылау камераларындағы кадрларға сүйенсек, ер адам жүгіріп келіп, қызды шалып, артынша бірнеше соққы жұмсаған. Болған жайтқа қатысты өңірлік полиция департаменті пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видеода жанжал ер адамның қызды көшеде қуғанынан басталған. Ол қызды аяғынан шалып, бірнеше соққы жұмсаған. Тіпті аяғымен теуіп, оқиға орнынан еш қысылмастан кетіп қалған.

Жағдайға қатысты полиция департаменті пікір білдірді.

Анықталғандай, ер адамның мұндай іс-әрекетіне 13 жасар қызбен сөзге келіп қалуы себеп болыпты. Даудың соңы жасөспірімге дене жарақаттарын салумен аяталған.

"Аталған факті тіркелді. Оқиға орнына автопатруль шықты. Оқиғаның барлық қатысушысы № 10 учаскелік полиция бөліміне жеткізілді. Кәмелет жасына толмаған қыздың ата-анасы шақыртылды", - дейді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сараптамалар тағайындалып, нәтижесі бойынша тиісті шаралар қолданылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900690-ayagynan-salyp-ura-bastagan-pavlodarda-er-adam-13-zasar-qyzga-tap-berdi-video/