jitsu gif branding logo appbranding logo app
Денсаулық

    Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 795 адам тіркелді

    Көрнекі
    Көрнекі фото: pexels.com

    Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 795 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 210 357-ге жетіп отыр деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

    Қазақстанда өткен тәулікте 795 адамда коронавирус инфекциясы анықталды", - делінген хабарламада.

    Аймақтар бойынша:

    Нұр-Сұлтан қаласы - 85,

    Алматы қаласы - 100,

    Шымкент қаласы - 15,

    Ақмола облысы - 61,

    Ақтөбе облысы - 23,

    Алматы облысы - 40,

    Атырау облысы - 49,

    Шығыс Қазақстан облысы - 68,

    Жамбыл облысы - 11,

    Батыс Қазақстан облысы - 82,

    Қарағанды облысы - 62,

    Қостанай облысы - 67,

    Қызылорда облысы - 11,

    Маңғыстау облысы - 5,

    Павлодар облысы - 80,

    Солтүстік Қазақстан облысы - 30,

    Түркістан облысы - 6.

    Естеріңізге сала кетейік, кеше премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

    ВАК отырысының қорытындысы бойынша келесі шешімдер қабылданды:

    7 күн бойы "жасыл аймақта" тұрған өңірлерде үстіміздегі жылдың 1 наурызынан бастап рұқсат етіледі:

    цирктердің, бильярд клубтарының, балалар ойын-сауық орталықтарының жұмыс істеуіне – толымдылығы 30%-ға дейін;

    спорттық іс-шараларды өткізуге (30%-ға дейін), жұма намазын оқуға (30%-ға дейін) және ас беру рәсімін өткізуге (30%-ға дейін, 50 адамнан артық емес).

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.