Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында карантин шаралары жеңілдетіледі

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: Sputnik / Владислав Воднев

Ақмола облысының бас санитарлық дәрігері өңірдегі шектеу шараларын әлсірететін жаңа қаулыға қол қойды деп хабарлайды санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Құжатта отбасылық, естелік және өзге де іс-шараларды, оның ішінде үйде, адамдар көп жиналатын іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салу сақталатыны көрсетілген.

Одан бөлек, өңірде қоғамдық тамақтану нысандары аптаның барлық күндері сағат 07.00-ден 24.00-ге дейін жұмыс істейді. Азық-түлік фудкорттарына тек тамақ алуға және жеткізуге рұқсат етілмек.

Сауда нысандары (сауда үйлері, сауда желілері, сауда орталықтары) азық-түлік бөлімдерін қоспағанда, жексенбіде жұмысын тоқтата отырып, қолданыстағы жұмыс режимімен жұмыс істейді. Балалар ойын алаңдары мен аттракциондарының қызметіне тыйым салынбақ.

Сонымен қатар қаулыда спорт орталықтарының, жаттығу залдарының және спорттық-сауықтыру орталықтарының қызметіне алдын ала жазылу бойынша баруға рұқсат берілетіні айтылған.

Мәдениет объектілері (театрлар, кітапханалар, мұражайлар) мен кинотеатрларға 20 пайыздан артық толтырумен жұмыс істеуге рұқсат етілмек.

Одан бөлек, Ақмола облысында қызметкерлердің кемінде 60 пайызы қашықтан жұмыс істеу нысаны сақталады (штат кестесінде 40-тан астам қызметкер болғанда), жұмыс берушілер келушілер мен өз персоналы арасында міндетті бетперде режимін сақтауды бақылауы тиіс.

Тиісті құжат 27 ақпаннан бастап күшіне енеді.

Қаулының толық мәтінімен сілтемеге өтіп танысуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900719-aqmola-oblysynda-karantin-saralary-zenildetiledi/

pixel