Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзін көлікке байлап, сүйреткізген павлодарлық пранкердің басы дауға қалды (видео)

Опубликовано:

Пранкерлер
Видеодан кадр: instagram.com

Instаgram-да 100 мыңнан астам оқырманы бар павлодарлық пранкер кезекті видеосын жариялап, полицейлердің назарына ілікті. Жігіт өзін көлікке байлап, қала көшелерімен жүріп өткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Видеода жас блогердің жерде жатқаны, ал аяқтары көлікке байланғанын байқауға болады.

Осыдан кейін жүргізуші көлікті айдап, жігітті көше бойымен бірнеше метрге сүйрейді. Ролик Семенченко көшесіндегі жеке алаңда түсірілген.

Пранкердің видеосын көрген полицейлер фактіні тіркеп, оларға қатысты хаттама толтырған.

Алайда жауапқа блогер емес, 22 жастағы жүргізуші тартылған.

Аталмыш факті бойынша жолаушылар тасымалдау ережесін сақтамау дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалған. Айыппұл көлемі 15 мың теңгені құраған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы облысында жаяу жүргіншілер өткелінде көліктердің үстіне мініп жүгірген пранкер ұсталған еді.

Қапшағай қаласы полициясының мәліметінше, 31 жастағы ер адамға Әкімшілік кодекстің 434 бабы, 1 бөлігі (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

Сонымен бірге бұған дейін әлеуметтік желіде Алматыда балконнан салбырап тұрған ер адамның видеосы қызу талқыға түскен еді. Бірі мұны көңілдестің әрекеті деп болжаса, енді бірі адамның жеке өмірін талқыламауға шақырған болатын.

Алайда бұл видеоның әдейі түсірілгені анықталды. Алматылық пранкер Аян Першанов әлеуметтік желіде танымалдылыққа ие болу үшін осындай қадамға барған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900839-ozin-kolikke-bailap-suiretkizgen-pavlodarlyq-prankerdin-basy-dauga-qaldy-video/

pixel