Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент балаларды құмар ойынға еліктіретіндер жайлы: Қажет болса, оларды лицензиясынан айырамыз

Опубликовано:

Казино
Көрнекі фото: Pexels.com

Қазақстанда балаларды құмар ойындарға тартқан заңды тұлғалар лицензиясынан айырылуы мүмкін деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Соңғы кезде жастар арасында құмар ойындарға тәуелділік белең алды. Бұл кеселден құмарпаздардың өздері ғана емес, олардың отбасы, туыстары мен жақындары зардап шегеді. Жасөспірімдер заманауи технологиялардың ықпалымен құмар ойындарына оңай шырмалатын болды.

Букмекерлер мен казинолар интернетте толассыз жарнама жасап, жұртты еріксіз еліктіруде. Мемекет бұған шектеу қою үшін бірқатар маңызды шара қабылдады. Бірақ бұл шаралар, әрине, жеткіліксіз", – дейді мемлекет басшысы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.

Президент жас ұрпақты құмар ойынның зиянды ықпалынан жан-жақты қорғау қажет екенін айтты. Мәселені шешу үшін жаңа тәсілдер қолдану қажет деп есептейді.

"Балаларды және кәнігі құмарпаздарды ойынға тартқан немесе сондай жағдайға жол берген заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылуы тиіс. Қажет болса, оларды лицензиясынан айырамыз", – дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айтуынша, қазір осындай заңсыз қызметі үшін жеке тұлғаларға 200 АЕК көлемінде ғана айыппұл салынады.

Сонымен қатар мемлекет басшысы шетелдіктердің ел аумағында құмар ойындарды заңсыз жүргізіп, лотерея ұйымдастыру арқылы табыс табуына тыйым салуды тапсырды.

Президент құмар ойындарына тосқауыл қою үшін заңнамалық шаралармен шектеліп қалуға болмайтынын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев заңсыз ойын бизнесімен күресу үшін қоғамдық бақылауды күшейту керек деп санайды. Бұл міндетті орындауға құзырлы органдар белсене атсалысуы керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900840-prezident-balalardy-qumar-oiynga-eliktiretinder-zaily-qazet-bolsa-olardy-licenziyasynan-aiyramyz/

pixel