Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында рұқсат етілмеген жерден өткен ер адамды пойыз қағып кетті

Опубликовано:

Темір жол
Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодар облысындағы рұқсат етілмеген жерден өткен ер адамды жүк пойызы қағып кетті. Жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай 24 ақпан күні кешке таман Жолқұдық бекетінде болған. Машинист рұқсат етілмеген жерден өткен ер адамды қағып кеткен.

Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс ашылған. Бап бойынша жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Көліктегі полиция департаментінің ақпаратынша, теміржолдағы апаттардың басты себебі - азаматтардың рұқсат етілмеген жерден өтуі.

Жыл басынан бері тежегішті шұғыл басудың 260-тан астам жағдайы тіркелген. Оның төрттен бір бөлігі адамдардың жолға шығып кетуінен, қалғаны малдың себебінен болған.

Еске сала кетсек, өткен жылы 18 желтоқсанда Шымкентте екі жасар сәби пойыз астына түсіп көз жұмған еді.

Сонымен бірге Оралда әйел адамды пойыз қағып кеткен болатын. Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға Желаев жолы мен Ружейников көшесі қиылысындағы теміржол өткелінде болған.

Зардап шеккен әйел жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған.

Сондай-ақ Қызылордада теміржолды кесіп өтпек болған 26 жастағы жергілікті тұрғынды "Қызылорда-Петропавл" жолаушылар пойызы қағып кеткен болатын. Салдарынан ол оқиға орнында қайтыс болды.

Осы орайда полиция қызметкерлері тұрғындарға қауіпсіздік ережесін сақтап, теміржолдың белгіленген аймағынан өту керектігін еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900850-pavlodar-oblysynda-ruqsat-etilmegen-zerden-otken-er-adamdy-poiyz-qagyp-ketti/

pixel