Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда бес мың адам "Лидер" компаниясына алданып қалғанын айтып, шу шығарды

Опубликовано:

Алаяқтарға алданды
Видеодан кадр: КТК

Алматыда бір топ тұрғын алаяқтарға алдандық деп шу шығарды. Баспаналы болғысы келген 5 мыңға жуық адам "Лидер" атты инвестицияларды басқару компаниясына кемі миллион теңгеден аударған деп жазады КТК телеарнасы.

Компания "Алғашқы жарна төленсе, 30 пайыз үстемақы аласың" деп уәде берген көрінеді. Енді ақшасын қайтара алмай жүргендер кезекті рет полиция департаментіне барды. Бәрі де аяқ-асты сан соғып қалғандар.

"Ақшаңызды көбейтіп аласыз, осындай компания бар, миллион салсаңыз, 30 пайызын береді, 2 миллион салсаңыз, 60 пайыз аласыз, сонымен қоса үйіңді де аласың, балаңды да шетелге апаруға жағдай жасалады деді", - дейді Алматы қаласының тұрғыны Нұрилә Жанәділ.

Жанайқайын жеткізгендердің айтуынша,"Лидер" компаниясы ақшаны еселеуге кепілдік бергенімен бірақ іс жүзінде еш нәрсе жүзеге аспаған. Елордалық Нұргүл 20 миллион теңгесін осы ұйымға құйып, бір тиын табыс таппаған.

"Қарыз да бар, несие де бар, туысқандардың ақшасы да бар. Жиған ақшам да, бәрі бар", - дейді келіншек.

Ал алдандық дегендердің жанайқайына қатысты жауап берген полиция департаментінің мәліметінше, компания басшысына іздеу  жарияланған.

Істің созылуы да содан екен.

"Бұл іс бойынша барлық арыз жазушылардан жауап алынды. 2020 жылдың қаңтар айында басты айыпталушыға халықаралық іздеу жарияланды. Алматы қаласы бойынша жәбірленушілердің саны 300-ге жуық", - дейді Алматы қаласы ПД баспасөз хатшысының орынбасары Евгений Лысенко.

Дереккөз: КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900965-almatyda-bes-myn-adam-lider-kompaniyasyna-aldanyp-qalgan/

pixel