Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында Ан-2 апатты жағдайда қонды: Оқиға орнынан фотолар пайда болды

Опубликовано:

Фото
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысында шұғыл қонған Ан-2 ұшағының суреттерін жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәлиге сілтеме жасап.

"Бортта 2 экипаж мүшесі және 3 жолаушы (дәрігер) болған. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ", - делінген министрліктің хабарламасында.

Ұшақ ұшу-қону жолағынан 1,5 шақырым қашықтықтағы жыраға қонғаны белгілі болды.

Төтенше жағдай бүгін сағат 12:30-да орын алды.

Тергеу шараларын индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің әуе кемелері апаты мен оқиғаларды тергеу басқармасы жүргізеді.

Еске сала кетсек, "Азия Континенталь" әуе компаниясының Боралдай - Кеген бағыты бойынша санитарлық рейс орындаған Ан-2 ұшағы жерге мәжбүрлі түрде қонғанын жазған болатынбыз.

Фото
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Сонымен қатар 19 ақпанда Нұр-Сұлтаннан Шымкентке бағыт алған FlyArystan әуе компаниясының ұшағы жедел түрде Алматыға қонған болатын.

Әуе компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұшақ ауа райының қолайсыздығы салдарынан шұғыл түрде қонуға мәжбүр болған.

Ұшақ сәтті қонып, жолаушылардың ешқайсысы зардап шекпеген екен. Ал жолаушылар болса лайнердің Алматыға үшінші ретінде ғана қона алғанын айтқан.

Одан бөлек, осыған дейін Атырау қаласынан Нұр-Сұлтанға бағыт алған ұшақтың ірі құстар тобымен соқтығысқанын хабарлаған едік. Бортта 115 жолаушы болған, ешкім зардап шеккен жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901066-almaty-oblysynda-an-2-apatty-zagdaida-qondy-oqiga-ornynan-fotolar-paida-boldy/

pixel