jitsu gif branding logo appbranding logo app
Денсаулық

    Дені елордадан: Өткен тәулікте 800-ге жуық адам коронавирус жұқтырған

    Бетперде13
    Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Қазақстанда өткен тәулікте 806 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

    Олардың дені Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласынан. Мәселен 26 ақпанда:

    • Нұр-Сұлтан қаласы - 137
    • Алматы қаласы - 105
    • Шымкент қаласы - 12
    • Ақмола облысы - 70
    • Ақтөбе облысы - 12
    • Алматы облысы - 64
    • Атырау облысы - 39
    • Шығыс Қазақстан облысы - 48
    • Жамбыл облысы - 20
    • Батыс Қазақстан облысы - 66
    • Қарағанды облысы - 40
    • Қостанай облысы - 64
    • Қызылорда облысы - 6
    • Маңғыстау облысы - 5
    • Павлодар облысы - 79
    • Солтүстік Қазақстан облысы - 30
    • Түркістан облысында 9 адамнан COVID-19 анықталған.

    Жалпы бүгінде ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 212 018-ге жетіп отыр.

    Сонымен қатар өткен тәулікте 631 адам індеттен жазылған.

    Қазір елімізде 20 280 адам короновирустан емделіп жатыр. Олардың ішінде 4 380 пациент стационарда, 15 900 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

    253 адамның жағдайы ауыр, 49 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 42 науқас өкпенді жасанды желдету аппаратына қосылған.

    Ал COVID-19 белгілері бар пневмониямен ауырғандарға келсек, 25 ақпандағы мәлімет бойынша аталмыш диагноз 54 адамға қойылып, 216 адам жазылып шыққан. Қайтыс болғандар жоқ.

    2020 жылдың 1 тамызынан бастап бүгінгі күнге дейін COVID-19 белгілері бар пневмониямен 49 226 адам ауырып, 620 науқас қайтыс болған. 41 849 адам жазылып шыққан.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.