Ақмолалық полицейлер 6 жасар қыздың қырғалығына тәнті болды
Жарияланған күні:
Көкшетауда 6 жасар қызы жанып жатқан көлікті байқап, дер кезінде ата-анасына хабар берген. Нәтижесінде бірнеше көлікті өрттен сақтап қалуға мүмкіндік болған деп хабарлайды Polisia.kz.
Басылымның жазуынша, 25 ақпан күні шамамен түнгі сағат 23:00-де жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Баймұқановтың 6 жасар қызы ұйықтауға бара жатып, терезеден аулада тұрған көліктің астынан шығып жатқан ұшқындарды көріп қалған.
Қауіпті жағдайларда не істеу керек екенін жақсы білетін ол бірден әкесіне хабарлаған.
Серік Керімбайұлы анасы мен әйеліне өрт сөндіру қызметіне қоңырау шалуды тапсырып, ойланбастан көшеге шыққан.
Өрт шыққан көліктің жанында басқа да көліктер тұрған. Ол көліктердің дабылын іске қосып, иелерінің назарын аудару үшін оларды соға бастаған.
Бұдан кейін көлік иелері тысқа шыққанда көліктерді өрт ошағынан алыстатуды өтініп, сыртқа шыққан жастармен бірге өртті сөндіруге кіріскен.
Осылайша, кішкентай қыздың қырағылығының арқасында үлкен апатқа жол берілмеген.
Айта кетейік, соңғы кезде елімізде өрт оқиғалары жиі тіркеліп жүр. Мәселен Павлодар облысы Ақсу қаласында өрт сөндіру кезінде 23 жастағы өрт сөндіруші қайтыс болса, Ақтөбеде тұрғын үйде газ баллоны жарылып, 11 жастағы бала мерт болған еді.
Одан бөлек, Ақмола облысында ұлын өрттен құтқармақ болған әке онымен бірге көз жұмған болатын.
Сонымен қатар Петропавлда көп қабатты үйде газ баллоны жарылып, соңы өртке ұласқан еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901157-aqmolalyq-policeiler-6-zasar-qyzdyn-qyrgalygyna-tanti-boldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.