Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі ұзартылды

Опубликовано:

көлік26
Көрнекі фото: pixabay.com

Елімізге Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі 2022 жылғы 1 наурызға дейін ұзартылды деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылымның жазуынша, ішкі істер министрлігі мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде Арменияның уәкілетті органдарында Қазақстан азаматтарына тіркелген және 2020 жылғы 1 ақпанға дейін Қазақстанға әкелінген көлік құралдарын тіркеу бойынша жұмыс жүргізуде.

Қазіргі уақытта тіркеу шарттарына сәйкес 20 мыңнан астам көлік есепке қойылған.

Алайда 1 мыңнан астам автокөлік иелеріне өз көліктерін тіркеуге немесе оларды елден тыс жерлерге әкетуге мүмкіндік бермеген бірқатар объективті себептер бар.

Атап айтқанда, күрделі эпидемиологиялық жағдайға және карантиндік шектеулердің ұзаққа созылуына байланысты мемлекеттік шекараны кесіп өту шектеулерінің салдарынан автокөлікті Арменияға кері әкету проблемалары туындаған.

Сондай-ақ кейбір автокөлік иелері, карантинге және аккредиттелген зертханалардың барлық өңірлерде болмауына байланысты қайта жабдықталған автомобильдерді уақтылы сынақтан өткізе алмаған.

Сонымен қатар "Қаржы пирамидалары" бойынша қылмыстық істерді тергеуге байланысты иелерінің басым бөлігі адал сатып алушылар болып табылатын бірқатар автомобильдерді (автокөлік ломбардтардағы, микрокредиттік ұйымдардағы кепілдік мүлік болып табылады) пайдалану шектелген.

Осы проблемаларды ескере отырып, үкімет 27 ақпанында Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімін 2022 жылғы 1 наурызға дейін ұзарту туралы шешім қабылдаған (үкіметтің №104 қаулысы).

"Осылайша, Арменияда тіркелген және Қазақстанға 2020 жылғы 1 ақпанға дейін әкелінген көлік құралдарының иелері – ел азаматтарына автомобильдерін есепке қою мәселесін шешу үшін қосымша уақыт беріліп отыр" , - дейді ІІМ.

Сонымен бірге қазіргі уақытта Армения үкіметімен келісім бойынша Қазақстанда тіркеуден өткен көліктердің иелерін Армениядағы салық міндеттемелерінен босату туралы мәселе қаралып жатқаны белгілі болды.

Бұл шаралар автокөлік иелері (Армения мен Қазақстанда) екі рет салық төлеп шығындалмас үшін жасалуда.

Мемлекеттік органдар ел үкіметімен аталған шешімдерін іске асыру бойынша тиісті шаралар қабылдайтын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901175-armeniyadan-akelingen-kolikterdi-tirkeu-merzimi-uzartyldy/

pixel