Алматыда автобус "Mega" сауда орталығына соғылды: Зардап шеккендер бар (фото, видео)
Жарияланған күні:
Алматыда сенбі күні кешке Сейфуллин мен Төреқұлов көшелерінің қиылысында ірі жол апаты болды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
№123 автобус Hyundai Elantra көлігіне соғылып, ол жол жиегіне ұшып кеткен. Бұған қоса автобус жол-жөнекей электр қалқанын құлатып, бағдаршамның жануын күтіп тұрған екі адамды қағады. Әрі қарай автобус автотұрақ аумағына кіріп кетіп, Mega park қабырғасына барып соғылған. Сондай-ақ ол тұрақтан шығып келе жатқан Volkswagen Polo көлігін соғып үлгереді.
Жол апаты салдарынан зардап шеккендер бары анықталды. Бес адам – автобус жүргізушісі, Volkswagen Polo жүргізушісі мен екі жолаушысы және жаяу жүргіншілер жолында тұрған екі адам түрлі дене жарақаттарын алған. Соңғы екеуі ауыр хәлде жансақтау бөлімінде жатыр.
Автобус жүргізушісінің не себепті қоғамдық көлік рөліне ие бола алмай қалғаны әзірге белгісіз. Тәртіп сақшылары жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.
Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында Ан-2 апатты жағдайда қонғанын хабарлаған едік. Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысында шұғыл қонған Ан-2 ұшағының суреттерін жариялады.
"Бортта 2 экипаж мүшесі және 3 жолаушы (дәрігер) болған. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ", - делінген министрліктің хабарламасында.
Ұшақ ұшу-қону жолағынан 1,5 шақырым қашықтықтағы жыраға қонғаны белгілі болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901217-almatyda-avtobus-mega-sauda-ortalygyna-sogyldy-zardap-sekkender-bar/