Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-да кішкентай балаларын азғырып, оны видеоға түсірген ана жазаға тартылды

Жарияланған күні:

Қыз бала
Көрнекі фото: piqsels.com

Петропавл қаласының тұрғыны өзінің кішкентай балаларына зорлық-зомбылықсыз азғындық әрекеттер жасағаны үшін сотталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қылмыстық-атқарушы жүйе департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде әйел СҚО-дағы EC-164/6 мекемесінде қамауда отыр. Іс материалдарына сәйкес, ол пәтерде өзінің қылмыстық әрекеттерін жүзеге асыруға кедергі келтіретін бөгде адамдар жоқтығын пайдаланып, кішкентай балаларын азғыратын әрекеттерге барған және бұл жайттың барлығын видеоға түсіріп отырған.

Осылайша, анасы өз балаларының психикалық дамуына қолсұғушылық жасады. Сот отырысында айыпталушы өзінің кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінді. Сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, әйелден писхикалық аутықушылықтар байқалған.

Сот оны Қазақстан Қылмыстық кодексінің 2-бөлігі 124-бабы (Кәмелетке толмағандарды азғыру) бойынша кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеу және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге қатысы бар педагогикалық қызмет атқару құқығынан айыру жазасын тағайындады.

"СҚО-дағы ҚАЖД EC-164/6 мекемесіне келген сәттен бастап сотталушымен ойлау қабілетін жоғарылатуға және психикалық аутықудың алдын алуға бағытталған психологиялық тренингтер өткізуде, бұл мінез-құлық пен жалпы психологиялық жағдайдың айтарлықтай жақсаруына алып келеді. Қазіргі уақытта ол ресми түрде тігінші ретінде жұмысқа орналасқан, мекеменің қоғамдық өміріне белсенді қатысады және өзін-өзі ұстау бойынша оң бағаға ие болуда", - деді ЕС-164/6 мекемесінің бастығы, майор Қанат Сүлейменов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901268-sqo-da-kiskentai-balalaryn-azgyryp-ony-videoga-tusirgen-ana-zazaga-tartyldy/