Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көлікте жартылай жалаңаш отырған депутаттың ұлы екі адамды қағып кетті (видео)

Опубликовано:

Жол апаты
Көрнекі фото: "Ақ Жайық" басылымы

Астраханьда жергілікті депутаттың ұлы екі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Baza telegram арнасының хабарлауынша, ер адам жартылай жалаңаш болып, жат қылық көрсеткен.

Жарияланған кадрларда ер адам мен әйелдің рұқсат етілген жерден өтіп жатқаны көрінеді. Бір сәтте қара түсті көлік жоғары жылдамдықпен келіп, екеуін қағып кетеді. Осы жерден бейнежазба да үзілген.

Басылымның жазуынша, әскери прокурор мен оның әйелі зардап шегіпті. Олар ауыр жарақаттар алып, бірнеше жері сынған.

Жүргізуші полицейлермен төбелесуге тырысқан. Алайда тәртіп сақшылары оны ұстап, қолына кісен салған. .

Жол апатына кінәлі адамның кім екені де анықталыпты. Ол "Единая Россия" партиясының жергілікті депутатының ұлы Артём Леванов екен.

Айта кетсек, ер адам көлікте жартылай жалаңаш отырыпты.

Еске сала кетсек, Ресейдің Благовещенск қаласында жол-көлік оқиғасын жасап, полициядан қашпақ болған әйел жол апатына түсіп, қайтыс болған еді.

Полиция бөліміне Nissan March көлігімен жол апатын жасап, оқиға орынан қашып кеткен әйел туралы ақпарат түскен.

Тәртіп сақшылары нұсқаулықта көрсетілген көлікті анықтаған, алайда келіншек тәртіп сақшыларының талабын елемей, жасырынуға тырысып, салдарынан оның сонынан қуу басталған.

"Октябрьский көшесінде құқық бұзушы Nissan Teana көлігімен соқтығысты. Көлік апаты салдарынан Nissan March жүргізушісі, 1987 жылы туған әйел оқиға орнында қайтыс болды. Сондай-ақ екінші көліктің жүргізушісі мен жолаушысы да жарақат алды", - дейді Амур облысының ІІМБ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901270-kolikte-zartylai-zalanas-otyrgan-deputattyn-uly-eki-adamdy-qagyp-ketti-video/

pixel