Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"$13 мыңға сатқан": Өз баласын өзгеге бере салған қазақстандық әйел Ресейде ұсталды (видео)

Опубликовано:

Әйел
Кадр: "Астана" телеарнасы

Ресейде бала саудасымен айналу ісі бойынша қазақстандық әйел ұсталды. Алдын ала болжам бойынша, ол нәрестесін 13 мың долларға сатқан. Бұл туралы Красноярк өлкесінің Бас тергеу басқармасына сілтеме жасаған "Астана" телеарнасы хабарлады.

Тергеу барысында әйелдің Камбоджадағы арнайы процедурадан кейін жүкті болып, босану үшін Красноярскіге келгені анықталды. Оған қалада пәтер жалданып, медициналық көмек көрсетіліп келген. Ол туа салысымен нәрестесін алаяқтарға бергені анықталып отыр.

"2020 жылдың сәуірінде әйел ұл босанды, содан кейін ол балаға туу туралы куәлік алды және нотариус кеңсесінде күдіктілерге сенімхат берді. Осылайша, Қазақстан азаматы іс жүзінде жаңа туған баласын күдіктілердің қолына берді. Осыдан кейін ол Қазақстанға жол тартып, онда баланы бергені үшін 13 мың АҚШ доллары көлемінде ақша алған", - дейді ресейлік тергеушілер.

Істе отандасымыздан өзге ағы үш адам фигурант болып отыр. Тергеушілердің пікірінше, балаларды сатуға құқыққорғау органының қызметкері көмектескен болуы мүмкін. 33 жастағы ер адам ақшаға бала көтеруге дайын бірнеше әйелді тауып алған. Кейін балалар шетелдіктерге сатылған.

Күдіктілер тоғыз сәбиді сатып үлгергені анықталып отыр. Олардың барлығы қазір Сәбилер үйінде. Тергеушілер баласын сатуға келіскен өзге әйелдерді іздеуде. Екі немесе одан да көп адамды дәрменсіз жағдайда сату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

А. Сюмбаеваның материалынын аударылды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901318-13-mynga-satqan-oz-balasyn-ozgege-bere-salgan-qazaqstandyq-aiel-reseide-ustaldy-video/

pixel