Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құрметті азамат" Мұрат Қабылбаев: Бұл ерлік емес, менің өмірім

Опубликовано:

Достойный гражданин
Фото: BI Group

Бірнеше күннен кейін ел "Қазақстанның құрметті азаматы"атағына лайықты 10 үміткердің есімін білетін болады. BI Group ұйымдастырған байқаудың алғашқы жеңімпаздарының бірі Мұрат Қабылбаев үміткерлердің шорт-парағына қалай кіріп, қалай бүгінгі күннің батыры атағын иемденгені туралы айтып берді.

Алайда, Мұрат өзін батыр деп санамайды:

"Әрине, халықтың мені ұсынғанына, дауыс бергеніне, тіпті аймақтарда қолдау топтарын құрғанына іштей қуандым. Менің тарихым әрбір жанның жүрегіне жол тапты. Бірақ менің жолым – батырлық па? Мен Отанымыздың әрбір саналы азаматы жасауы керек нәрсені істеймін".

Біздің кейіпкеріміз құрметті азамат қана емес, сонымен бірге өте қарапайым жан. Оның өмірлік тарихы ерлікке толы. Ол – жұбайы Оранбасармен бірге 13 баланы тәрбиелеп отырған көпбалалы әке. Олардың 12-сін асырап алған. Басқа адамдар осындай жауапкершілікті өз мойнына ала алады ма?

Мурат Кабылбаев
Фото: BI Group

Балалардың кішісі Ибрахим - 10 жаста, үлкені Адель - 21 жаста. Ол – студент, болашақ қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі. Үшеуі колледжде оқыса, биыл бес бала мектепті бітіреді. Мұрат "Қазақстанның құрметті азаматы" атағын алған кезде оның 11 баласы болған. Бірақ марапатты алғаннан кейін, оны көп ұзамай күтпеген өзгеріс күткен. Әріптесі одан екі егізге патронат отбасын табуды сұрайды. Қабылбаевтар жетімдерге асырап алушыларды іздемей, оларды өздері алуға бел буған. Ол кезде Мағжан мен Бағжан есімді егіздер12 жаста болған.

"Егіздермен өте қиын болғанын мойындаймын. Отбасымызға келгенге дейін басқа балалар интернат мекемелерінде ұзақ тәрбиеленген жоқ, ал Мағжан мен Бағжан болса онда 9 жыл тұрған. Олар қиын, теріс эмоцияларға толы балалар болды. Мен үлкен балалар үйінде ұзақ уақыт болу баланың психикалық және эмоционалды жағдайына қалай әсер ететінін түсіндім. Бірақ біз бүкіл отбасымызбен бұл сынақты еңсере алдық. Қазір олар мүлдем басқа, үй балаларына айналды. Олардың жан дүниесінде үй мен отбасы сезімі басым", - дейді отағасы.

Біздің кейіпкеріміз өз өмірінің тарихын 2015 жылы жарық көрген "Покажи мне небо" кітабында сипаттаған. Оны жазғанда отбасында 8 бала тәрбиеленген. Жаңа әңгімелер және ұсыныстармен толықтырылған жаңа басылым меценат Досымхан Оралбаевтың демеушілігімен биыл қазақ және орыс тілдерінде шығарылады.

Мурат Кабылбаев
Фото: BI Group
"Құрметті азамат" байқауында жеңіске жеткеннен кейін қазақстандықтар Мұратқа бала асырап алу, тіпті туған балаларын тәрбиелеу мәселелері бойынша кеңестер беру туралы өтінішпен жиі жүгіне бастаған. Сонымен қатар, ол "Қазақстанның 100 жаңа есімі"рейтингіне енді. Жобаның марапатына келер болсақ – жаңа екі бөлмелі пәтер әлі бос тұр. Көпбалалы отбасы Бурабай ауданының Кенесары кентінде тұрады. Қыздарының бірі оқуын жалғастыру үшін Астанаға көшпек болған, бірақ ата-анасы мен бауырларын қалдырып кетуге батылы жетпепті. Сондықтан көпбалалы отбасы пәтерге балалардың бірі елорданы бағындырып, отбасын құрған кезде қоныстануды жоспарлап отыр.

Мұрат бала тәрбиесінің басты құпиясы неде деген сұраққа:

"Балаларды өз болмысымен жақсы көріңіз. Оларды өздеріңізге ұқсатып "мүсіндеуге" тырыспаңыз. Әр баланың өзіндік сипаты және өзіндік даму ерекшелігі бар. Оларды түсіну және қабылдау керек",- деп жауап берді.

Жақын арада сіз "Қазақстанның құрметті азаматы" атағына лайықты он үміткердің тарихымен танысып, өз кейіпкеріңізге дауыс бере аласыз. bi-azamat.kz сайтындағы жаңалықтарды жіберіп алмаңыз.

*Ақпарат BI Group қолдауымен дайындалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901326-qurmetti-azamat-murat-qabylbaev-bul-erlik-emes-menin-omirim/